МТРА жаңалықтары

Петропавлда өрт сөндіру техникаларының шеруі өтті

Жанарбек Ахметов – СҚО ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

– Жаңа техниканың құралдары да жаңа. Бұрын ескі машиналарда ондай жаңашылдықтар болмайды. Жаңа техникамен жұмыс істеу, әрине жеңіл. Жыл сайын техника жаңартылып тұрады. Қазір №1-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде 11 дана техника бар.

Ең алдымен, өрт сөндіру көліктері Жамбыл, Уәлиханов, Қизатов көшелерімен өтіп, Мир және Пушкин көшелерімен жүрді. Осылайша мамандар тұрғындарға арнайы техниканың әлеуетін паш етті.

– Жаңа ғана өрт сөндіру техникасынан құралған автошеру 11 көшені аралап өтіп, Тәуелсіздік стелласы маңына келіп тоқтады. Дәл қазір ТЖД мамандары қала тұрғындарына тізіліп тұрған мына көліктердің жұмысы жайлы әңгімелеуде.

Мәселен, мынау – өрт техникалық зертханасы. Мұнда қызыл жалынның шығу себебін анықтайды. Ол үшін мамандарға бар болғаны 1-2 сағат уақыт қажет.

Асқар Нұртазин – СҚО ТЖД №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері:

– Бұл көлік өңірімізге 2014-ші жылы әкелінген. Жылжымалы зертханамен біз шалғай жерлерге шығып тұрамыз. Жыл басынан бері облысымызда орын алған 12 өрт оқиғасының шығу себебін анықтадық.

Бүгінде өңірімізде өрт сөндіруге арналған 100-ден астам техника бар.

 

Айгерим Ержанова