МТРА жаңалықтары

Петропавлда дизайн бойынша практикум-байқау сайысы өтті

Диана Исенбаева – Қазақ мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы:

– Біз көп дайындалдық. Жеңіске жетеміз деп ойлаймын. Болашақта дизайнер болғым келеді.

Шараға 30-дан астам оқушы мұғалімдерімен қатысуға өтініш білдіріпті. Мұнда қаладан бөлек облыс аудандарының мектептерінен келген өнерпаздар да бар. Оларға жұмыстарын толыққанды аяқтау үшін 3 сағат уақыт берілген.

Олег Гайнуллин – қазылар алқасының төрағасы:

– Қолөнер еңбектерін біз сапасы, талғамы, әдемілігіне және тақырыптың ашылуына қарай бағалаймыз. Қатысушылардың арасында Шал ақын, Есіл, Жамбыл, Айыртау, Мағжан Жұмабаев және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарынан келген өнерпаздар бар.

Байқау нәтижесі бойынша жеңіске жеткен қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.

 

Тогжан Акмагамбетова