МТРА жаңалықтары

Петропавлда бөлке нанның бағасы 4 теңгеге арзандады

Ерлан Қайшыбкеов – «Петропавл нан-тоқаш комбинаты» ЖШС директоры:

– Нан өнімдерінің өзге түрлерінің бағасы сол қалпында қалса да, қалалық бөлкенің құны 4 теңгеге арзандады. Бұрын 65 болса, енді 61 теңге тұрады. Ал көтерме бағамен алатындар үшін ол 54 теңге болып отыр. Әлеуметтік тауар бағасының арзандауына биылғы астық себепкер болып отыр.

Татьяна Широкова күнде таңертең ыстық нан алу үшін дүкенге келеді. Міне, бірнеше күн болды қалалық бөлке нанның бағасы төмендеген. Зейнеткер барлығының бағасы өсіп жатқанда бұл қуанышты жаңалық болды деп отыр.

Татьяна Широкова:

– Қалалық бөлке нанның бағасы арзандағанына өте қуаныштымын. Сапасы жақсы. Сондықтан, күнде алып отырамын. Барлық бағалар өсіп жатқанда дастархандағы басты астың құны төмендегені жақсы ғой.

Кәсіпорындағылардың айтуынша, егер коммуанлдық қызметтер мен шикізат құны төмендесе, олар әлі де болса ас атасының бағасын арзандатуға даяр.

 

Магжан Ахмадина