Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі бірқатар өндірістік, нысандарды аралады

Денис Мартыненко – «Оптима Север» ЖШС директоры, жоба жетекшісі:

– Қазір нысанның терезелерін алмастырып жатырмыз. Инфрақұрылым жүйесі жасалынды. Жылу, су және жарық тартылған. Келешекте аббаттандыру жұмыстарын да орындап, нысанның тарихи қалыпын сақтап қалмақпыз.

5 қабатты ғимараттың жалпы аумағы 1000 шаршы метрді құрайды. Оны қалыпқа келтіру жұмыстарына кәсіпорын жеке қаржысын жұмсап отыр. Ол 200 мың АҚШ доллары маңайында. Нысанға келген облыс әкімі Ерік Сұлтанов ғимараттағы жұмыстармен танысты.

Денис Мартыненко – «Оптима Север» ЖШС директоры, жоба жетекшісі:

– Біз ғимараттың алдына жегілген ат пен диірменшінің тағы қоңыраудың мүсінін жасап қоймақпыз. Сол жерде ескерткішке келген адамдар суретке түсе алады. Ал нысанның ішінде облыстың мәдениеті мен түрлі шаралардан ақпарат беріп отыратын дыбыстық құрылғы орнатылады. Мұражайлармен әріптестік орнату ойымызда бар. Осында келетін меймандарға қызықты болады деп ойлаймын. Тағы мұнда бизнестің дамуына да жол ашылмақ.

Бұдан соң өңір жетекшісі Петропавл халықаралық әуежайына барды. Бүгіндері нысанның қасбеті жасалып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал жолаушылар терминалын қалыпқа келтіруге 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған. Осы ретте облыс әкімі шаруаны желтоқсанның 15-не дейін аяқтауды тапсырды.

Андрей Бабенко – «ЭнергоТеплоСервис» ЖШС жоба жетекшісі:

– Нысандағы барлық шаруаның 40 пайызы тындырылды. Қазір жылу, жарық желілерін тартып жатырмыз. Қажетті материалмен қамтылдық. 100-ге тарта адам еңбек етіп жатыр. Жөндеу шараларын уақытылы аяқтаймыз.

Кейін аймақ басшысы Ерік Сұлтанов «Адель құс» серіктестігіне соқты. Жылына мұнда 50 млн дана жұмыртқа шығарылады. 2009 жылдан бері жұмыс істеп жатқан кәсіпорында бүгіндері 330 мың бас құс бар. Келешекте қанаттылардың санын 400 мыңға жеткізу көзделіп отыр. Алдағы уақытта серіктестік өз ісін кеңейтуді жоспарлауда.

Игорь Тищенко – «Адель кус» ЖШС директоры:

– Бройлерлік құс фабрикасын жасауды көздеп отырмыз. Барлық құжаттарымызды реттеп қойдық. Алғашқы екі жылда 1,5 мың тонна, кейін құс етін 3 мың тоннаға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Ол үшін ендігі жылдың көктемінде құрылыс жұмыстарын бастамақпыз. Сөйтіп, асыл тұқымды репродуктор құрамыз.

Аталмыш жоба құны – 1 млрд теңге шамасында болмақ.

 

Магжан Ахмадина