МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО бойынша департаменті 9 айды қорытындылады

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Қазіргі таңда мемлекеттік орган жетекшілері жай ғана ескертумен сытылып жүр. Бірақ алдағы уақытта олай болмайды. Олар үшін талап қатаңдатылады.

Ғалым Тұрсынбаев кейбір мекемелерде заң талаптарының орындалмайтындығын жеткізді. Айтуынша, М,Жұмабаев, Уәлиханов аудандарындағы кейбір бөлімнің басшылары жемқорлыққа жол бергенімен әлі күнге дейін орнын босатар емес.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО бойыншадепартаментінің басшысы:

– Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын заңбұзушылықтардың барлығы қазір мемлекеттік қызметке кір келтіретін заңбұзушылық болып өзгертілді. Осы заң нормаларын жыл басынан бері үш мемлекеттік қызметші бұзып, тиісті жаупкершілікеке тартылды.

Департамент қызметкерлері халықпен етене жұмыс жасайды. 9 айдың ішінде жеке қабылдауға келген 134 азаматтың өтініші толығымен қанағаттандырылған. Биыл Петропавл қаласы және Қызылжар, Шал ақын аудандарының әкімдіктеріне тұрғындар тарапынан шағым көп түскен. Бұдан бөлек департамент бас прокуратураның тапсырмасы бойынша 22 мемлекеттік орган мен мен кәсіпорында жоспардан тыс тексеріс өткізіпті. Петропавл қаласы мен аудандардағы әкімдіктерінде өткізілген тексерістің нәтижесінде 21 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның онына ескерту, бесеуіне сөгіс берілді. ал үшеуі қызметіне толық сай емес деп танылды.

Берік Қасен