МТРА жаңалықтары

Балаларға оқулық

Влад Ястремский:

– Мен сурет салуды, ойнағанды жақсы көремін. Мұнда жатқаныма 6 күн болды. Бүгін жаңа кітаптар әкеліп берді. Мен оқу білмеймін. Мамам оқып береді. Суреттерін қарап отырамын.

Ал, Хирургия бөлімі 33 орынға шақталған. Мұнда да 15 жасқа дейінгі 20-дан артық бала жатыр. Петропавл және Булаев епархиясының епископы мұнда да өздері әкелген ертегі, әңгіме кітаптарын табыстады. Енді, балалар шығармаларды оқып, бос уақыттарын қызықты өткізбек.

Владимир, Петропавл және Булаев епархиясының епископы:

– Біз облыс басшысына ауруханада жатқан балаларға арнап ертегі, әдеби кітаптар мен танымдық кітапшалар таратқымыз келетінін жеткіздік. Рұқсат алып бүгін өз акциямызды бастап кеттік. Шараны Рухани келісім күні мен тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнап отырмыз. Әр бөлімде осындай балаларға арналған шағын кітапхана болса, олар уақыттарын қызықты өткізеді.

Діни қызметкерлер облыстық балалар ауруханасындағы тағы 6 бөлімге осындай кітаптарды сыйға тартпақ.

 

Акбопе Танирберген