Спорт

Петропавлдық “Әділет” және “Динамо” әуесқой құрамалары арасында футболдан ақтық ойын өтті

Мұса Танақұлов – «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Бұл жарыс сәуірдің 23-інен басталған болатын. Осы уақытқа дейін 18 команда 240 ойын өткізіп, өзара мықтыны анықтаған болатын. Айта кеткен жөн, мұндағы құрамалардың барлығы да әуесқой ойыншылар.

Екінші таймға қос құрама жаңа деммен шықты. Бұл жолы алғашқы голды “Динамо” құрамасы соқты.

Бұдан соң құрама тізгінді қолдан жібермеді десе де болады. Ойын 3:0 есебімен жасыл жейделілердің пайдасына шешілді.

Роман Селиверстов – “Динамо” ФК капитаны:

– Біз финалға жету үшін көп еңбектендік. Көптеген мықты құрамалармен тартыстық. Ал, бүгін “Әділет” командасының ойыншыларымен ойнап, жеңіске жеттік. Өте қуаныштымыз.

Жарыс соңында жүлделі орын иегерлеріне медаль және грамота табысталды. Жеңімпаздар кубокты еншілеп қайтты.

Тогжан Акмагамбетова