МТРА жаңалықтары

Петропавлда Жайдарманның маусым ашар ойындары өтті

Былтырғы мектеп лигасында “№6 орта мектеп” құрамасының жеткіншектері чемпион болған. Енді, қыздар биылғы Жайдарманның жаңа маусымында тек жеңімпаз атануды ойлайды.

Жанель Болат – Қожаберген жырау атындағы “№6 орта мектеп” құрамасының капитаны:

– Бүгін Жайдармен лигасына қатысуға келіп тұрмыз, Аздап қобалжу бар. Фестивалтьге былтырғы әзілдерімізден басқа жаңа әзілдер дайындадық. Жанкүйерлер бізгі қолдау көрсетсін.

Тағы кеште “Классикалық гимназия” құрамасының жастары да қошеметке бөленді. Әсіресе, ұл-қыздар қағытпа қалжындары мен тартымды билерінен бөлек, өздерінің тапқырлықтарымен де көзге түсті.

Қызылжар Жайдарман лигасына әр жыл сайын басқа өңірлерден командалар қатысады. Өткен маусымда Ақмола облысынан келген “Ақорда” құрамасының жастары үшінші орынды иеленген еді. Олар өздері көңілділер мен тапқырлар клубында өнер көрсету арқылы қызылжарлық таланты өнерпаздармен танысыпты.

Абулқадыр Қазбеков – “Ақорда” құрамасының капитаны:

– Біз биылғы маусымға нық қадаммен келіп отырмыз. Осы жылы да үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын. Жалпы, Жайдарман – достық мекені!

Жалпы, биылғы Жайдарман маусымына қатысқан құрамалар тек “Сәлемдесу” сайысында ғана бақ сынады. Ал, келесі кезеңдерде командаларды жаңа тапсырмалар күтіп тұр.

Ерлік Мұхамеджанов – Қызылжар Жайдарман лигасының директоры:

– Биылғы маусымның атауы “Жаңару” деп аталады. Кешке жаңа құрамалар қатысып, жаңа әзілдер айтылады. Маусым ерекше болады деген ойдамын. Фестивальге 17 құрама қатысып отыр.

Жайдарманның маусым ашар кешінде өнер көрсеткен 17 құрама, Петропавлда қараша айында СҚО әкімінің кубогы үшін өтетін фестивальге жолдама алды.

 

Култанов Байболат