Мәдениет

Петропавлда славян және орыс мәдениетінің “Покровский перезвон” фестивалі өтті

«Покровский перезвон» фестивалі өңірімізде 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Залға жиналғандарды Петропавл және Булаев епархиясының епископы Владимир құтттықтады.

Владимир – Петропавл және Булаево епархиясының епископы:

– Біз славян халқы Қазақстанда өз мәдениетіміз бен дәстүрімізді осындай мерекелер арқылы кеңінен дәріптеп жүрміз. Бұл күн біз үшін ең сүйікті мейрамдардың біріне айналды.

Шығармашылық ұжымдар әзірлеген концерттік бағдарламаны көрермен қауым зор ықыласпен қарсы алды. Сахнада өңірдің 13 үздік ұжымы өнер көрсетті. Соның біреуі – «Забава» ансамблі.

Биыл “Покровски перезвон” орыс мәдениетінің фестиваліне 10 жыл толды. Жергілікті славян халқын аталмыш мерейтоймен облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады.

Анархан Дүйсенова – облыс әкімінің орынбасары:

– Елімізде тұратын түрі этностарға тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауға тең жағдай жасалған. Соның дәлелі ретінде бүгінгі славян халқының фестивалін мысал ретінде келтіруге болады. Бүгінде аға буын өкілдері кейінгі толқынға бар білгенін үйретуде.

Осы күні солтүстікқазақстандықтардың алдында Қорған облысынан келген «Горицвет» вокалдық тобы да ән шарқады. Халық әндерін тыңдап, көңілді билерді тамашалаған жұртшылық «Пакровский перезвон» фестивалінен ерекше әсерге бөленді.

– Мереке өте жақсы деңгейде өтті. Аға буын өкілдерімен қатар жастардың да жиылғаны қуантады.

– Концерттік нөмірлер көңілімізден шықты. Әншілер де, би ұжымдары да жақсы өнер көрсетті, Әсіресе, балалардың биі мен қасықта ойнайтын ансамблдің өнеріне тәнті болдым.

Шара соңында ұжымдардың барлығына диплом мен бағалы сыйлықтар үлестірілді.

Берік Қасен