Спорт

Петропавлда демалыс күндері мемлекеттік қызметшілер арасында шағын футболдан чемпионат өтті

Алмаз Таев – қалалық прокуратура командасының қорғаушысы:

– Командалар барлығы жақсы дайындалған. Бірінші ойыннан кейін көрініп тұр, команда жылдам бірқалыпты жұмыс істеді. Бізге өте қиын болды. Соған қарамастан біз өнеремізді көрсеттік. Бірінші ойынды жеңдік, турнир жеңімпазы болғымыз келеді.

Жалпы шағын футболдан бақтарын сынауға 6 команданың футбол әуесқойлары келіп отыр. Дәстүрлі шара прокуратура органдарының 25 жылдығана орай ұйымдастырылған.

Рауан Бостанов – Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім бастығы:

– Біз бос уақытымызда спортпен айналысамыз. Сонымен қатар, түрлі сайыстар ұйымдастырамыз. Осылайша, мемлекеттік қызметкерлерді салауатты өмір салтын ұстануға баулуды көздеп отырмыз. Қатысушылардың барлығы жыл сайын белсенділік танытып, тартысты ойын көрсетеді.

Сонымен финалға 3 команда шықты. Топ жарған – ІІД қызметкерлері. 2-ші орын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментіне бұйырса, 3-ші орынды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының жергілікті мамандары місе тұтты. Жарыс жеңімпаздары желтоқсанның 6-сы күні Прокуратура органдарының 25 жылдығына орай марапатталады.

 

Айнұр Беисова