Мәдениет

Қызылжар ауданында облыстық “Үздік ауылдық мәдениет мекемесі – 2016” байқауы өтті

Сонымен қатар, бұл кеште Қызылжар ауданында құрылған этно-мәдени орталық өкілдері де өнер көрсетті. Залға жиналған көрермендер орыс, татар, армян және украин халқының ұлттық билерін тамашалап, әндерін тыңдады.

Шараға Ләйля Рахимжанова – Бескөл ауылдық округы атынан қатысып отыр. “Парасат” мектеп-лицейінің ән-күй пәні мұғалімі мұндай байқауларда үнемі өнер көрсетеді екен. Әнші бүгінгі кеште қазақ вальсінің корольіне айналған Шәмші Қалдаяқовтың “Сыр сұлуы” әнін құлақтың құрышын қандыра орындады.

Ләйля Рахимжанова – байқауда үздік атанып, облыстық кезеңде өнер көрсетсем дейді.

Ләйля Рахимжанова – байқауға қатысушы, Бескөл ауылдық округі:

– Репертуарымда Шәмші Қалдаяқовтың әндері көп. Өзіме “Сыр сұлуы” әнйі қатты ұнайды.

Жалпы, облыстық “Үздік ауылдық мәдениет мекемесі – 2016” байқауының Қызылжар аудандық кезеңіне 100-ден аса өнерпаз қатысты. Олар 19 селолық округтен келген. Бұл шара арқылы
шалғайда орналасқан елді-мекендерден дарындарды анықтаймыз дейді ұйымдастырушылар.

Таңат Бейсенбаев- облыстық халық шығармашылығы және мәдени қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы:

– Бұл шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады. Мұндай байқау арқылы ауылды жерлердегі дарынды жастарды анықтаймыз. Өңіріміздің мәдениетін арттырамыз.

Енді, облыстық “Үздік ауылдық мәдениет мекемесі – 2016” байқауы Айыртау және Ақжар аудандарында өтеді. Кейін, облыстық кезеңге жолдама алған барлық өнерпаздар белгілі болмақ.

 

Култанов Байболат