Білім

Петропавлда “Мәңгілік ел – халқымыздың ұлы мұраты” атты фестиваль өтті

Келесі болып “Атамекен” әнімен ортаға аталған мектептің 8-сынып оқушысы Карина Кадимова шықты.

Карина Кадимова – №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің оқушысы:

– Мен бұл фестивальға ұзақ дайындалдым. “Атамекен” әнін айтып үйрену үшін күн сайын 2 сағат уақытымды бөлдім. Негізі өзім ән үйірмесіне 7 жыл қатысамын.

Бүгін түрлі халықтың өнерін паш еткен қатысушыларды қазылар алқасы бағалайды. Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамотамен марапатталмақ. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының кілдері тілдің мәртебесін көтеріп, дәріптеуге қосқан үлестері үшін бірқатар ұстазға алғыс хат табыстады.

Наиль Салимов – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

– Патриоттық сарындағы әндерді айтқан жастар ұлтжанды, отансүйгіш келеді. Осыған ұқсас шараларды мейлінше жиі өткізіп тұрған жақсы. Бүгін осы мектеп ұжымы мен оқушыларының әзірлеген мерекелік іс-шарасы көңілімізден шықты.

Шарада 100-ге жуық үміткердің өнерін 300-ге жуық көрермен тамашалады.


Тогжан Акмагамбетова