Денсаулық сақтау

Жыл басынан бері өңірдегі емдеу мекемелеріне 80 жас дәрігер жұмысқа орналасты

Мағжан Жапаров – емделуші:

– Өткен аптадағы дүйсенбіде ішім бүріп ауырды. Мені жедел жәрдем көлігімен бірден осында жеткізді. Дәрігерлер қарап, маған ішек бітелісі диагнозын қойып, сол күні бірден операция жасады. Қазір тәуірмін. Бүгін ауруханадан жазылып шығайын деп жатырмын.

Қазір ота жасалған жерлестерімізге Самат Бекеев қарап жүр. Жас маман 3 қалалық ауруханаға тамыз айында жұмысқа орналасқан. Әзірге хирургтің көмекшісі ретінде тәжірибе жинақтау үстінде. Осыған дейін 10-нан астам операцияға қатысыпты. Өзі ОҚО-ның тумасы. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде оқып жүрген кезінде Петропавлдағы емдеу мекемелерінде хирургтердің тапшы екенін білген. Тамыз айында оқуын бітіріп, келген бетте көтермеақын алғанын айтады.

Самат Бекеев – №3 қалалық ауруханасы хирургия бөлімшесінің хирург-дәрігері:

– Келген бетте 200 АЕК мөлшерінде көтермеақы алдым. Пәтердің жалдау құны ауру есебінен төленеді. Ұжым жақсы. Үйренісіп жатырмын.

Жыл басынан бері №3 қалалық ауруханасына 7 жас маман жұмысқа орналасыпты. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, жыл басынан өңірге 80 жас маман келді. Оның 34-і ауылды жерлерге барған. Жалпы өңірімізде 150-ге жуық дәрігер жетіспейді екен.

Берік Қасен