МТРА жаңалықтары

Сыртқы жағымсыз факторлардан қорғану үшін жастардың діни сауатылығын арттыру маңызды

Людмила Гривенная -М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгеруішісі:

– Биыл университет бағдарламасына “Дінтану” курсы енгізілді. Сабақ екі тілде жүргізіледі. Студенттерге оқытушылардан бөлек аптасына 3 рет дін өкілдері дәріс оқиды.

Облыстық дін істері басқармасының мамандары университет профессорларымен бірігіп биыл ақпараттық-талдау анықтамалығын әзірлепті. «СҚО дағы діни бірлестіктер» тарих және қазіргі заман»
деп аталатын анықтамалық дін өкілдері мен прокурорларға таныстырылды.

Олег Синяков – СҚО ДІБ «Конфессияаралық қарым-қатынастарды сараптау және дамыту орталығы» талдау және әлеуметтік зерттеулер бөлімінің сарапшы-талдаушысы:

– Өңір тұрғындарының соның ішінде жастардың діни сауатылығы өте төмен. Осы қателікті түзету үшін біз осы ақпараттық-талдау анықтамалығын әзірледік. Онда 10 конфессия туралы жазылған.

Келесі жылы ақпараттық-талдау анықтамалығы толықтырылады. Оған Қазақстан аумағында тіркелмеген теріс ағымдар туралы ақпарат енгізілмек.

Берік Қасен