МТРА жаңалықтары

СҚО-ның азаматтық альянсы елордалық «Камеда» ұйымымен бірлесіп жұмыс атқармақ

Бұл ретте аталған бірлестіктер әлеуметтік тапсырыс аясында қаржыландырылып тұрады. Ал биылдан бастап олар грант иегері атануға құқылы. Бұл ақшалай көмекті үкіметтік емес ұйымдар жылына бір-ақ рет ала алады.

Сергей Худяков – СҚО азаматтық альянсының төрағасы:

– Ағымдағы жылы «ҚР Әлеуметтік тапсырыс туралы» заңына бірқатар өзгертулер енгізілді. Енді жаңашылдықтарға сәйкес, үкіметтік емес ұйымдар арнайы грант иегері атана алады. Биыл бұл көмек Астана қаласының «Камеда» ұйымына берілді. Аталған бірлестік еліміздің барлық облыстарында ресурстық орталықтар ашып, өз өкілдерін бекітіп жатыр.

Енді елордалық «Камеда» ұйымымен СҚО-ның азаматтық альянсы бірлесіп жұмыс атқармақ. Жыл соңына дейін екі жақ та жаңа бизнес-жоспар әзірлеп, оларды жүзеге асырмақ ниетте.

Сергей Худяков – СҚО азаматтық альянсының төрағасы:

– Енді біз қазан мен қараша айларында өз ұйымдарын құрып, жаңа жобаларды іске асырам деуші барлық үкіметтік емес ұйымдарға электронды сатып алу бойынша кеңес береміз. Бұл солтүстікқазақстандық ұйымдардың жұмысын жеңілдетіп, қызметтерінің тиімді болуы үшін жасалынып жатқан жағдай.

Айту керек, дәл осындай грант келер жылдың көктемінде тағы ойнатылатын болады. Қатысам деуші кез келген үкіметтік емес ұйым облыстық азаматтық альянсының кеңесіне жүгіне алады.

 

Айгерим Ержанова