МТРА жаңалықтары

ПҚЭК-та “Студенттердің зерттеуіндегі этникааралық келісім” атты семинар өтті

Алма Сәдуақасова – ПҚЭК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

– Колледжде оқитын студенттер өздері таңдаған мамандықтар бойынша білім алып, түрлі іс-шараларға қатысады. Олар өздері қалаған тілде емін-еркін сөйлей алады. Бір сөзбен айтқанда, студенттердің арасында толеранттылық дамыған.

Жиында, сондай-ақ этникааралық бірлік пен келісімді нығайтуды зерттеп жүрген жастары да сөз алды. Азат Макенов М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де заңгер мамандығы бойынша магистратурада оқып жүр. Ол бүгін өзі сияқты білім қуған жастардың ғылыми қауымдастығы мен бұл ұйымның жоспары жайлы айтты. Аталмыш ұйым жылдың басында құрылған. Оның құрамында 13 магистрант бар.

Азат Макенов – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ магистранты:

– Біздің қауымдастықтың негізгі міндеті, ол – магистранттарға ғылыми мақала жазуға көмектесу. Гранттарға қол жеткізуге ықпалдасу. Біз облыстық Ассамблеядағы ғылыми-сараптама тобымен етене араласып, бірге жұмыс жасаймыз.

Айта кету қажет, қазіргі таңда облыста 24 этномәдени орталық бар. Алдағы уақытта ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тағы бір 25-ші бірлестік құрылмақшы.

 

Риат Шони