Аптадағы маңызды жаңалықтар

Денсаулық сақтау және білім беру салаларымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері

Қабдырахман Сақтағанов – СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде облыс емханаларындағы дәрігерлердің қабыльдауына 496 мыңға жуық адам жазылған. Қызмет тегін түрде көрсетілді. Дәрігерге жазыларда емханалардағы айс поликлиника веб порталын пайдалануға болады немесе электронды үкімет порталы арқылы да шығуға мүмкіндік бар.

Ал білім беру мекемелері азаматтарға 32 мемлекеттік қызмет түрін ұсынады екен. Олардың 5-уін облыстық білім басқармасы, 13-ін білім беру мекемелерінің өзі, ал қалғандарын қалалық және аудандық білім бөлімдері көрсетеді. Жалпы бүгіндері өңірімізде осы салада қызмет ететін адамдардың саны 37 мыңнан асады. Олардың 15 мыңы – ұстаздар.

Білім беру саласында көптен бері шешімін таппай келе жатқан проблемалардың бірі – балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту мәселесі. Облыс орталығында 10 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. 4 мың 800-ден астамы – 3 пен 6 жас аралығындағылар. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін өңірде балабақшалар салу және бұл іске мемелекеттік-жекеменшік әріптестікті тарту қарқынды жүргізілуде. Тағы бір тоқтала кететін жайт, балаларды ыстық тамақпен қамту.

Гүлмира Кәрімова – Петропавл қалалық білім бөлімінің басшысы:

– 2016 жылы балғындарды тамақпен қамту үшін жалпыға бірдей білім беру қорынан 47 млн теңге қаржы бөлінді. Қала мектептерінде бұл қызмет түрін 20 жабдықтаушы көрсетеді. Тағы 3 оқу ордасына ыстық тамақ жеткізіліп отырады. Жыл сайын қаңтар айында аз қамтылған отбасылардың балаларын тамақпен қамтуға байқау өткізіледі.

Брифинг барысында жаңартылған білім беру жайы да сөз болды. Соның аясында 2016 жылы 1-ші сыныпқа барған бүлдіршіндердің саны 826 артқан. Сөйтіп, олардың қатары биыл 3007 оқушыны құрап отыр.

 

Магжан Ахмадина