МТРА жаңалықтары

Шығысқазақстандықтардың теріскейдегі мәдениет күндері Гала концертке ұласты

Сондай-ақ, мұнда Ертіс жағасы өңірінің Берел және Шілікті қорғандарынан табылған ат әбзелдері мен микропайка әдісімен жасалған ерте ғасырларға тиесілі алтын жәдігерлер қойылыпты. Барлығы түп нұсқа. Саны 1000-нан артық.

Альфия Бақбаева, Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері:

– Шығыс Қазақстанда көбіне қола дәуіріне тиесілі жәдігерлер табылған. Бүгін солардың басым бөлігін көрсетпекке алып келдік.

Солтүстікқазақстандықтар осылайша Өр Алтайдың етегінде орналасқан аймақпен жақынырақ танысты. Музей бірлестіктерінің көрмесін қос облыстың әкімдері Даниал Ахметов пен Ерік сұлтанов та тамашалады. Меймандар көрмені Еліміздің 25 жылдық мерейтойына арнаған екен.

Шығыс Қазақстан елімізге танымал талай тұлағаларды өмірге әкелген қасиетті мекен. Соның бірегейі – Абай Құнанбаев. Ерке Ертіс өнерпаздарының бүгінгі Гала концертті Ұлы ақынның «Желсіз түнде жарық ай» әнімен ашуының сыры да осында. Жас әртістерден бөлек, Мәдениет саласында үздік деп танылған күміс көмей әншілер де теріскей жұртышылығына базарлықтарын ала келген. ШҚО филармониясының әншісі Гүлдана Ноғайбаева кеште дәстүрлі әннен төгілтті.

Гүлдана Ноғайбаева, ҚР Мәдениет саласының үздігі:

– Абай, Әуезов, Шәкәрімнің елінен келіп отырмыз. Қазақстың әуендерін арқалап келдік.

Өнерпаздарды домбырашылар ансамблі мен ШҚО эстрада-симфониялық оркестірі сүйемелдеді. Жергілікті көрермендерге мың бұралған би ұжымдары да өз номерлерін ұсынды.

Меймандардың ШҚО мәдениет күндері аясындағы өңірімізге сапары 9-11 қазан аралығын қамтыды. Бұл уақыт ішінде олар қызылжарлықтардың назарына екі бірдей спекталь ұсынды. Енді олар өңірдегі мәдениет күндерін үлкен Гала концертпен аяқтауда. Делегация құрамында 200-ден артық өнер адамдары бар. Жергілікті жұртшылық оларға қошметтерін аяған жоқ. Кейін, кешті басынан-аяғына дейін тамашалаған қос облыстың басшылары өнерпаздарға «Ықылас гүлін» сыйлады.

«Алтын Алтай» концерті 2 сағатқа созылды. Кештен теріскейліктер үлкен әсермен, көңілдері шалқып шықты.

Акбопе Танирберген