Аптадағы маңызды жаңалықтар

ШҚО келген делегация Қызылжар ауданының Новоникольское селосында болды

Сондай-ақ, бұл күні елді-мекенде үлкен спорт кешені бой түзеуде. Алдағы уақытта мұнда ауыл тұрғындары бассейнге шомылып, би мен фитнес және спортпен шұғылдана алады.

Иван Зенченко – «Зенченко және К» КС директорының орынбасары:

– Біріншіден бізге мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Кәсібімізді өркендетуге субсидиялар беріледі. Ал мынаның барлығын біз өз қаражатымызбен тұрғызып жатырмыз. Бұның барлығы да халық үшін жасалуда. Тұрғындар жайлы өмір сүріп, ештеңеден тарылмаса екен дейміз.

Елді-мекеннің әлеуетін көрген ШҚО әкімі ДаниАл Ахметов алған әсерімен бөлісіп, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлерге оң бағасын берді.

Даниал Ахметов – ШҚО әкімі:

– Бұл жерде алға жылжу бар. Мұнда балалар үшін бар жағдай жасалуда. Облыс әкімі қыруар жұмыс тындырған. Шаруа қожалықтарының иелері де облыс әкімін түсініп, қолдап отыр. Мына керемет нысандар соның нәтиждесі деп айтуға болады. Бұл – бизнеспен әлеуметтік салада қалай әріптестік орнату қажеттігінің тамаша үлгісі болып табылады.

Бұдан соң ШҚО әкімі Даниал Ахметовке «Зенченко и К» КС кешені көрсестілді. Бүгінде мұнда 700-ден астам адам екі қолға бір күрек тауып отыр.

Генадий Зенченко:

– начинали комплекс с 800 голов, сейчас вместе с телятами 2300.

Қазір бұл серіктестікте 7200-ден астам бас ірі қара бар. 800-ге жуығы сауылатын сиырлар. Оның әрқайсысы бір жылдың бір тоқсанында 2 тонна сүт береді. Бұл ретте сауыншыларға Германиядан әкелінген «Карусель» аппараты көмекші. Айту керек, мұндағы мамандар мал ұстау мен олардың тамақтануына көп көңіл бөледі.

Генадий Зенченко – «Зенченко және К» КС директоры:

– Мына база екіге бөлінген. Оң жақта тек сауылатын сиырлар ғана тұрады. Ал сол жақта етті бағыттағылар орналастырылған. Екеуінің де тамақтану рационы бар. Бір жем-азық базасында әр қара малға 60 см жер қарастырылған. Жұмысымыз жүріп жатыр, ешқандай проблемамыз жоқ.

Серіктестікте мұндай базаның екеуі бар. Оның әрқайсының құрылысына 75 млн теңге жұмсалған. Шығын аз болғанымен, базаның сапасы жоғары. Сол себепті солтүстікқазақстандық әріптестеріміздің тәжірибесін біз өз өңірімізде қолдануымыз керек деп баса айтты ШҚО әкімі Даниал Ахметов..

Сонымен қатар, бұл күні қонақтарға командиттік серіктестіктің ат қоралары көрсетілді. Бүгінде мұнда 300 бас жылқы бар. Оның 3-тен бірі асыл тұқымдылар.

Жалпы алғанда, шығысқазақстандықтардың Солтүстік өңірдегі бұл іс-сапары жемісті болып отыр.

Даниал Ахметов – ШҚО әкімі:

– Жақында сіздердің облыс әкімдеріңіздің тапсырмасы бойынша, бір топ солтүстікқазақстандық мамандар Шығыстағы іргелі кәсіпорындарға келеді. Және де олар жақсы тапсырыс алып, шет елдерден әкелінген өнімдерді алмастыратындығына сенімдімін. Менің ойымша, бұл жұмыстардың бәрі өте тиімді болады, әрі оң жемісін де береді.

Енді алдағы уақытта екі жақ әріптестік қарым-қатынастарын одан әрі нығайтып, жаңа жобаларды іске асыратын болады.

 

Айгерим Ержанова