МТРА жаңалықтары

Петропавлға көшпелі “дельфинарий” келді

560 орынға шақталған дельфинарий су жануарларын қызықтауға келген жерлестерімізге лық толды. Көрермендерді көп күттірмей тамаша шоу басталып та кетті.

Ең алдымен ортада “Лера” есімді ақ кит өнер көрсетті. Оның бойы – 4 метр, ал, салмағы 900 келіге жуықтайды. Дегенмен су жануары бассейнде емін-еркін қимылдауда. Ол жаттықтырушының әрбір тапсырмасын мүлтіксіз орындады. Тіпті, “Лера” бір сәтте баскетбол добын қашықтықтан торға да дәл түсірді.

Кейін, кезек су мысықтарына келді. Олар жаттықтырушының нұсқауымен әуен ырғағына сай би биледі, волейбол ойнады. Бұл қызылжарлықтардың, әсіресе кішкентай балғындардың көңілін көтерді. Мамандар мұндай қызықты шоуды көрермен назарына ұсыну үшін күнде жаттығу жасайды екен.

Денис Лёткин – «Дельфинарий» ұжымының бас жаттықтырушысы:

– Петропавлға жаңа бағдарлама әзірлеп келдік. Су жануарларымен бассейнде және құрғақ жерде жаттықтық. Биіктікке жақсы секіру үшін бірнеше жаттығуды орындадық. Жалпы, бүгінгі кеш түрлі қызыққа толы.

Ал, бассейнде “Дани” және “Зефс” атты дельфиндер өнер көрсеткенде, кештің көркі қыза түсті. Әсіресе, белсенді су жануарлары арқан үстінен оп-оңай секіріп өткенде көрермендер ду қол шапалақтарын аямады.

“Дельфинарий” қызметкерлері дельфиндерді үнемі назарда ұстайды. Олар мына температурасы 22 градус болатын бассейнде күн сайын бірнеше сағаттап жаттығады.

Култанов Байболат, тілші:

– 3 жарым метрлік бассейінде су жануарлары өздерін жақсы сезінеді. Оларға мамандар үнемі көңіл бөледі екен. Дильфиндерге уақытында тамақтарын беріп, әр тәулік сайын суды ауыстырады.

Су жануарларының қоректенуі де – жіті бақылауда. Мәселен, “Лера” есімді ақ кит күніне 50 келі балық жейді екен. Болмаған жағдайда тапсырмаларды орындамай, қырсығып алуы мүмкін. Ал, дельфиндер мен су мысықтарының қоректенуіне 35 келі балық жеткілікті.

Денис Лёткин – «Дельфинарий» ұжымының бас жаттықтырушысы:

– Ақ кит пен дельфинер кез-келген балық түрін жейді.Тамақты өте жақсы көреді. Біз су жануарларына ветеринар кеңесі бойынша тамақ береміз. Оларды бір қаладан келесі жерге жеткізетін арнайы көлігіміз бар. Оның ішінде үлкен бассейн орналақан. Жол жүргенде мамандар су жануарларын бақылауда ұстайды. Жиі тамақ беріп, ойнатады.

50 минутқа жалғасқан тамаша шоу жергілікті көремендердің көңілінен шыққан сияқты. Жерлестеріміз су жануарларының өнеріне оң бағаларын берді.

– Өте жақсы болды. Қызықты бағадарлама. Маған қатты ұнады.

– Дельфиндер өте әдемі. Олар суда күшті жүзеді.

Қарағандылық көшпелі дельфинарий Петропавлда қараша айының 20-сына дейін болмақ. Жерлестеріміз қызықты кешті аптаның сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат кешкі 6-да, ал демалыс күндері күндізгі 12-де, 3-те және кешкі 6-да тамашалай алады. Билет құны орын сандарына байланысты 1000 теңгеден 4 мыңға дейін. 3 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін.

 

Култанов Байболат