Құқық қорғау органдары

Петропавлдағы “Ақ көгершін” бөбекжай-балабақшасының ауласында автоқалашық ашылды

Онда бағдаршам, жол белгілері, жаяу жүргіншілер жолы бар. Мұғалімдер мен тәртіп сақшылары осындай автоқалашықтардың барлық балабақшаларда болғаны дұрыс дейді. Себебі үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде облыс жолдарында балалардың қатысуымен 26 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 28 бала жарақаттаныпты. Ал алдыңғы жылы жолда 2 бала тілге келместен көз жұмған болатын.

Ақтоты Жакина – мұғалім:

– “Ақ көгершін» бөбекжай-балабақшасында жол әліппесі ашылып жатыр. Біз өте қуаныштымыз. Енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз жол тәртібін сақтайды деп үміттенеміз. Және бүгін балалар жолда жүру ережесін біліп, түсініп жатыр.

Әбілсейіт Жолаушин – СҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы:

– Мұндай қалашықтың ашылғанына балалар қуанышты деп ойлаймыз. Байқағандарыңыздай, олар барлығын ден қойып үйренуде. Бағдаршамның көшелерде не үшін орнатылғанын, көшеден оның қандай түсінен өту керектігін білетін болады.

Берік Қасен