Құқық қорғау органдары

Петропавлда автокөліктердегі бағалы заттарды ұрлаған 2 күдікті ұсталды

Күдікті:

-За что вас задержали? – За кражу. – Что именно крали?Магнитолы, антирадары, регистраторы. Ну все, что имеет ценность. – Ранее вы были судимы? – Да. За кражу.

Күдіктілердің бірі 30 жаста, ал екіншісі 23 жаста болып шықты. Олар автокөліктердің ішіндегі құнды заттарды ұрлап, оны сатып отырған. Тергеу нәтижелері кезінде бұған дейін екі азаматтың сотталғандығы белгілі болды.

Әділбек Жарасов – Петропавл қаласы ІІБ жедел қызметкері:

– Қазіргі сәтте баукеспелердің 15 автокөліктің ішіндегі құнды заттардың қолды болуына қатысы бар екендігі анықталды.Бүгінгі таңда ҚР қылмыстық кодексінің 188 бабы, 2 тармағы бойынша іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Жалпы, жыл басынан өңірімізде 300-ге жуық автокөліктің ішіндегі бағалы заттар ұрланыпты.

Тогжан Акмагамбетова