Спорт

Петропавлда алғаш рет балалар арасында “kids athletic” деп аталатын жарыс ұйымдастырылды

Бүгінде мұнда теріскейлік желаяқтар күнделікті жаттығу жасап, шеберліктерін шыңдай түсуде. Жуырда халықаралық жеңіл атлетика федерациясы балаларға арнап спорттық жабдықтарды сыйға тартқан. Қазір осы құралдарды пайдаланып, жасөспірімдер арасында жарыс ұйымдастырылуда.

Александр Мицих – жеңіл атлетика бойынша Олипиада резервіндегі мамандандырылған БЖСМ директоры:

– Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы бізге “kids athletic” деп аталатын жарысты ұйымдастыруды ұсынып, тегін спорттық жабдықтарды берді. Бұл құрылғылардың құны 1,5 АҚШ долларын құрайды. Қазір елімізде бірінші болып арнайы бағдарлама бойынша жарысты өткізіп жатырмыз. Оның жас спортшыларға берері мол.

Сайысқа 8 спортшыдан жасақталған, 6 команда қатысуда. Бүгін өз бағын сынап жатқандардың қатарында Алина Батрашова да бар. 12 жастағы өрен жеңіл атлетикамен 1 жыл айналысып келеді. Спорт – денсаулық кепілі дейді жасөспірім.

Алина Батрашова – спортшы:

– Маған жеңіл атлетикамен айналысқан өте ұнайды. Қазір жүгіру мен ұзындыққа секіру секциясына барып жүрмін. Осының арқысында мектепте дене шынықтыру сабағында тек беске оқимын. Алдағы уақытта биік белестерді бағындырып, Олимпиада чемпионы атанғым келеді.

Бүгін теріскейлік желаяқтармен жүздесуге Лондон Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері – Ольга Рыпакова келді. Еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері жасөспірімдермен тілдесіп, өзінің ақыл-кеңесінде берді. Реті келіп жатқанда теріскейліктер даңқты спортшыдан қолтаңбасын алып, естелікке суретке де түсті. Жалпы Ольга Рыпакова өңірімізде жеңіл атлетиканың даму қарқыны осал емес екендігін айтты.

Ольга Рыпакова – Лондон Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері:

– Кешеден бері Петропавлдағы спорттық нысандарды араладым. Осындай зәулім сарай ашылып, жастар шеберліктерін шыңдай түсуде. Жаңа ғана балалармен тілдестім. Барлығыда спортпен кәсіби айналысуға дайын екен. Ол әрине қуантарлық жағдай. Алдағы уақытта солтүстіктен де даңқты спортшы шығады деген сенімдемін. Қазірдің өзінде ұлттық құрама сапында 22 теріскейлік бар.

Кездесу соңында үш қарғып секірудан Қазақстаннан шыққан тұңғыш олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері – Ольга Рыпкаова “kids athletic” жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Ал облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Руслан Есеналин мейманға естелікке картина табыс етті.

 

Риат Шони