МТРА жаңалықтары

Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаменті биыл 19 заңбұзушылықты анықтаған

Вадим Маршаков – техникалық реттеу және метрология комитеті СҚО бойынша департаментінің бас маманы:

– Бізде сатып алу бағдарламасы іске асырылды. Бұл ретте бюджеттен салмағы сәйкес келмейтін өнімдерді анықтау үшін арнайы қаржы бөлінеді. Осылайша мамндар 42 түрлі тауар сатып алды. Нәтижесінде, оның 18-нің салмағы тауар сыртында көрсетілген салмақпен сәйкес болмай шықты. Бұл заңбұзушылықтары үшін кәсіпкерлерге айппұл салынды.

Айту керек, биыл қатаң заңбұзушылық медицина саласында орын алған. Мысалы, Ақжар аудандағы жаңа аурухананың дәрігерлері мемлекеттік сатып алу кезінде қателікке бой алдырып, республикалық реестрде жоқ жаңа медициналық құрылғыларды өз мекемелеріне орнатқан. Бірақ, бұл – заңға қайшы. Сондықтан қазір оларға аппараттарды қолдануға тиым салынған.

Вадим Маршаков – техникалық реттеу және метрология комитеті СҚО бойынша департаментінің бас маманы:

– Тексеріс барысында біз Ақжар ауданындағы ауруханадан заңбұзушылықтар анықтадық. Олардың алған құрылғыларының 70%-ы республикалық реестрде болмай шықты. Сәйкесінше біз аурухананың бас дәрігеріне айппұл салдық. Сонымен қатар, олқылықтарды жою үшін уақыт бердік. Жалпы заңбұзушылық, денсаулық сақтау департаментінің ешқандай бақуылау жүргізбегендігінен орын алып отыр.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы мамандар мемлекеттік мекемедегі рәміздерді де тексерген. Туды пайдалануға қатысты бірнеше қателіктер кездесіпті. Мәселен, кейбір мемлекеттік нысандардың төбесінде желбіреп тұрған көк туымыз ескірген болып шыққан.

Бейбіт Әбілев – техникалық реттеу және метрология комитеті СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:

– Биыл біз 50 тесеріс жүргіздік. Мемлекеттік нышандарға қатысты әлі де қателіктер баршылық. Қазір осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз.

Жалпы 9 айдың ішінде мамандар 19 заңбұзушылық анықтап, жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам айыппұл салыпты.

 

Айгерим Ержанова