СҚО “Отан ағаш” республикалық акциясы аяқталды

МТРА жаңалықтары

14:49 11 Қазан 2016

Асқар Баймұқанов – «Жасыл ел» облыстық штабының жетекшісі:

– Бүгін біз өңірде “Отан ағаш” респуликалық акциясын аяқтағалы отырмыз. Шараның соңғы күні 10 түп қарағай көшетін егудеміз. Бұдан бөлек мамыр айында қаламыздағы саябақтардың біріне 40-қа жуық алма ағаштарын отырғызған едік. Осылайша, біз биылғы жылы жоспарлаған жұмысты толықтай орындадық.

Қолына күрек ұстап, көшет отырғызуға кіріскендердің бірі – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің 4-курс студенті Дәулет Хамитов. Жас жігіт биылғы жазда “Жасыл ел” еңбек жасағының қатарында жұмыс істепті. Ол орман іштерін қоқыстардан тазартып, ағаш егуге белсенді ат салысқан. Мұндағы басты мақсатым табиғаттың одан әрі көрікті болуына өз үлесімді қосу дейді студент.

Дәулет Хамитов – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің 4-курс студенті:

– Ағаш егу – ол ер жігіттің міндетінің бірі. Бүгін біз Ауған соғысында қаза болған жерлестерімізге арналған ескерткіш маңына көшет егудеміз. Бұл ағаштар өскенде қаламызға көрік береді. Тұрғындар осы маңға келіп демалады.

Айта кеткен жөн, “Отан ағаш” респуликалық акциясы ел Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды. Шараға әр өңірдің белсенді жастары қатысқан болатын. Олар аталған мерейтойға арнап жалпы саны 25 мың түрлі ағаш көшетін отырғызған.

Култанов Байболат