Мәдениет

Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театры теріскейде “Жұлдызды сәт” музыкалық-комедиясын сахналады

Мұндағы басты әрекет, ол адамдардың қарым-қатынасын ондағы күлкілі де мұңды оқиғаларды, олардың қиялдары мен армандарын, бір-біріне деген сезімдерін айқындап көрсету. Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрының труппасы спектакльдегі образдарды сомдау арқылы адамды атақ-дәрежесімен, мансабымен емес, адамгершілік құндылықтарымен бағалау керектігін көрсетеді.

Гульвира Абикенқызы – Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрының актрисасы:

– Спетакльді үш тілде: қазақ, италиян және орыс тілдерінде сахналадық. Біз әртістер спортшылар сияқты үздіксіз репетиция жасап, шығармашылығымызды шыңдап тұрамыз. Соңғы жылдары жастардың театрға қызығушылығы артып келеді.

Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театры 1 жыл бұрын ашылған. Ұжым жас болғанымен тәжірибелі. Араларында тәуелсіздіктің құрдастары көп.

Айдос Нұрмағамбетов – Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрының актеры:

– Қазір театрдағы жас актерлерге ШҚО әкімдігі тарапынан жақсы қолдау жасалып жатыр. Жақында 20 жас актер мен актрисаға пәтер берілді.

Музыкалық-комедия жастарға арналғанымен қойылымды үлкен де, кіші де тамашалады. Жергілікті көремендер спектакльден мол әсер алғандарын айтуда.

– Қойылымның әр сәті қызықты болды. ШҚО-ның өнерпаздары жиірек келіп тұрса екен.

Көрермендер залынан “Жұлдызды сәт” спектаклін аймақ басшысы да көрді. Ерік Сұлтанов қойылым соңында Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрының ұжымына ықылас гүлін тарту етті.

Берік Қасен