МТРА жаңалықтары

ШҚО келген делегация “Молпродукт” ЖШС мен спорттық нысанда болды

Роза Сүлейменова – “Молпродукт” ЖШС директоры:

– Біздің өндіріс қуаттылығымыз тәулігіне 500 тонна сүтті қайта өңдей аламыз. Өткен жылдары Ресейге 2,5 мың тонна тауарды экспорттадық. Ал биыл 9 айдың ішінде бұл көрсеткіш 3 мың тоннаға дейін жетіп отыр.

Ал бұл Болатбаев көшесі 30 мекен жайы бойынша орналасқан жабық әмбебап спорттық қорабы. Нысан 2014-ші жылы салынған. Мұнда қысы-жазы қалалықтар денелерін шынықтыра алады. Петропавлда бұндай үш нысан бар. Жыл соңына дейін тағы біреуі салынбақ.

Валерий Евдокименко – Петропавл қаласы спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы:

– Бұнда жазда кез-келген адам футбол ойнай алады. Ал қыс уақытында мұз құйылып, коньки тебуге болады. 50 жұп коньки бар. Балалар мұз айдынында тегін сырғанай алады. Бұндай бір нысанның құны 15 млн теңге маңында. Халық көптеп келіп жатыр.

Жабық кортпен танысуға келген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өз аймағында да бұндай нысанды орнату керек екенін тілге тиек етті. Өңір басшысы Ерік Сұлтановтан ғимаратты орнатудың барлық қыр-сыры мен қайда жасалатындығын сұрастырды.

Риат Шони