МТРА жаңалықтары

ШҚО келген делегация өңірдегі демалыс орны мен іргелі кәсіпорындарда болды

Максим Калинин- «GREEN PARK» отбасылық парк-отельдің директоры:

– Демалыс орнында 9 үй бар. Оның 4-еуі екі қабатты. Әрбіреуіне 20 адам сыяды. Бізде тағы 2 монша, бассейн, кәуап қақтайтын орындар бар. Демалыс орны жыл 12 ай жұмыс істейді.

Демалыс орны былтыр тұңғыш Президент қүні ашылған болатын. Содан бері мұнда Ресей мен Германиядан 100-ге жуық шетелдік демалыпты. Мұнда келушілерге 29 адам қызмет көрсетеді. Олардың орташа айлығы 100 мың теңгенің маңайында. «GREEN PARK» отбасылық парк-отельдің директоры Максим Калинин СКО әкімі Ерік Сұлтанов пен ШҚО әкімі Даниал Ахметовке алдағы жоспарларын айтты.

Кейін ШҚО әкімі бастаған делегация “Рим-Қаз Агро» ЖШС-гіне соқты. Кәсіпорын негізінен Ресейден жеткізілетін дәмдеуіштер мен жармаларды қаптаумен айналысады. Олар осылайша тауардың бағасын төмендетуге болады дейді. Бүгінде «Добрая» тауар белгісімен шығарылатын өнімдер Қазақстанның барлық өңірлерінде сұранысқа ие. Алдағы уақытта ШҚО-ның жеке тапсырысын орныдауға да әзірміз дейді.

Амир Усманов – “Рим-Қаз Агро» ЖШС өндірістік цехының жетекшісі:

– Біз жылдам дайындалатын сұлы қауыздарын, картоп езбесі, бульон сорпасын бұдан бөлек қарақұмық, күріш сынды жармаларды қаптаймыз. Кәсіпорында 58 адам еңбек етеді. Қондырғыларды Ресейден алдырттық. Олар күніне 2,5 тонна өнімді қаптауға қауқарлы.

Бұдан соң меймандар «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ болды. Кәсіпорын мұнай-газ, темір жол салаларына арналған техникалар мен жабдықтар шығарады. ШҚО-ның әкімі кәсіпорынның қауқарын байқады, жаңа өнім түрлерімен танысты. Болашақта ШҚО-ның компанияларынан осы зауыттың өнімдеріне тапсырыс түсуі мүмкін.


Берік Қасен