МТРА жаңалықтары

Өткен аптада Петропавлда 7 өрт оқиғасы тіркелді

Тағы, аудандағы мына үй де отқа оранды. Мұнда жалғыз басты әйел тұрыпты. Ол пешті жағып, өзі далаға шыққан. Сол сәтте өрт тұтанған. Тілсіз жаудан нысандағы жиһаздар түгел жанып кетті. Осыған орай аудандағы тұрғындарға қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде.

Мамандар рейд барысында Жұмысшы кентіндегі әр үйге бас сұқты. Олар баспана ішіндегі пештердің құрылысын бақылып, тұрғындарға бірқатар ережелерді түсіндірді.

Алтыншаш Рамазанова – Жұмысшы ауданында 10 жылға жуық уақыт тұрады. Кейуана енді, мамандардың ақыл-кеңесіне құлақ асып, үйдегі пешті жөндетпек.

Алтыншаш Рамазанова – Жұмысшы кентінің тұрғыны:

– Мамандардың бұлай әр үйді аралап рейд ұйымдастырғаны дұрыс. Өйткені өрт – тілсіз жау. Оның құлай тұтанатындығын білуіміз керек.

Жалпы, Петропавлда өткен аптада 7 бірдей өрт оқиғасы болған.
Төтенше жағдайлардың барлығы жеке тұрғын үй секторларында орын алыпты.

Ербол, Мұханбеталин -Петропавл қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас инженері:

– Көп жағдайларда өрттің шығуына тұрғындар өздері кінәлі болып жатады. Олар жылыту маусымы қарсаңында пештерді, ескірген электр сымдарға жөндеу жасаса оқыс оқиға болмас еді. Сонымен қатар тұрғындар иіс тиюден сақ болғаны жөн. Үйдегі пешті жаққан кезде тұрғындар үнемі отты назарда ұстап, шаланы қалдырмаулары тиіс.

Жыл басынан Петропавлда 182 өрт оқиғасы болыпты. Тілсіз жаудан 5 адам қаза тауып, 11 тұрғынды күйік шалыпты. Ал, 17 жерлесіміге иіс тиген. Қызыл жалыннан келген метериалдық шығын 66 млн теңгеден асады.

 

Култанов Байболат