Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірге ШҚО әкімі Даниал Ахметов бастаған делегация келді

Жалпы дене шынықтырумен айналысуға ден қойған солтүстікқазақстандықтардың басын қосатын нысанда бірнеше спорт түрлерімен шұғылдануға болады. Кейін екі өңірдің басшыларының қатысуымен кездесу өтті. Жиынды ашқан облыс әкімі Ерік Сұлтанов, қос өлкені ежелгі достық қарым-қатынас байланыстыратындығын айтты. Шығыс Қазақстан облысы теріскей үшін барлық сала бойынша сенімді әрі маңызды әріптес екендігіне тоқталды.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

– Біз үшін ШҚО өндірістік қуаты зор, маңызды сауда-экномикалық әріптес болып саналады. Жыл сайын осы өңірден бізге 12 пайыз өндірістік өнімдер жеткізіледі. Оның ішінде, автокөліктер, тракторлар, ет, құрылыс материалдарын айтуға болады. Жазда біз ШҚО болып, келіссөздер жүргізіп, меморандумдар жасастық. Олар сәтті жұмыс істеп жатыр.

Ал астықты өлке ретінде танылған теріскей Шығыс Қазақстанға дәнді-дақылдар мен ірі қара мал жеткізетін көрінеді. Биылғы жылы майлы дақылдардың да шығымдылығы жақсы болған. Алдағы уақытта диқандар оны да Ертіс жағасы өңіріне жеткізуге ниетті деді Ерік Сұлтанов. Бұдан соң сөз кезегі ШҚО әкіміне берілді. 90-шы жылдардың соңында осы өңірді басқарған Даниал Ахметов, теріскейдің ол үшін ерекше ыстық екендігін атап өтті.

Даниал Ахметов-ШҚО әкімі:

– Бір кездерде бірге жұмыс істеп, туыстай болып кеткен адамдар менің әрдайым жүрегімде. Аграрлы, гуманитарлық салаларда әлеуеті мол екі облыстың қарым-қатынасын одан әрі нығайту біз үшін қашан да маңызды. Өңірлер қуатты болса, мемлекеттің де қуатты болары сөзсіз. 

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусымда теріскейліктер Шығыс Қазақстанға барып, бірқатар келісімдер жасасып қайтқан болатын. Сол кезде 13 меморандумға қол қойылған болатын. Бүгіндері солтүстікқазақстандық бірқатар кәсіпорындар шығысқа өз тауарларын жеткізуге әзір.

Евгений Глотов- СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

– Бүгіндері «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ Өскемен титан-магний зауытымен келісім жасасып жылытқыштар жеткізбек. Үлбі металл зауыты мен «Қазцинкке» де өнімдлерін тасымалдауға мүмкіндік бар. Ал мұнай саласына қажетті құрылғылар жасайтын «Мұнаймаш» АҚ «Арбат Восток Сервис» компаниясымен әріптестік орнатты. Тағы «Блок», көпсалалы құрылғылар зауыты және Зиксто сынды кәсіпорындар өз тауарларын Шығыс Қазақстанға жеткізуге әзір.

Бұдан бөлек, әлі бірқатар кәсіпорындар, айталық Петропавл құбыр зауыты, Авагро серіктестіктері Шығыс Қазақстанмен жұмыс істеуге дайын. Бұл ретте, омарташылар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер де қалыс қалар емес. Биыл ғана ашылған Петропавл трактор зауыты да Ертіс жағасынан келген қонақтардың көңілінен шыққан. Сондықтан алдағы уақытта Батыр маркалы тракторлардың Шығыс өлкесіне көптеп сатылмасына кім кепіл?! Мұны жиынға қатысқан зауыт басшылығы да айтып өтті. Шығыс Қазақстандық кәсіпорындар да бүгіндері өз өнімдерін теріскейге жеткізуде. Ол аяқ киім, цемент және түрлі жүк көліктері.

Даниал Ахметов- ШҚО әкімі:

– 17 жыл ішінде облыс алға басты. Аграрлы сектордла 5,7 млн астық жиналды. Бұл итамаша нәтиже. Аз уақыт ішінде сондай үлкен жұмыс істелген. Өндіріс туралы айтсақ, 6 машина жасау зауыты жұмыс істеп тұр. Казцинк, Казатомпром және бірлесіп жұмыс істейтін болады. Аз уақыттың ішінде жақсы келісімдер болады.бірге жұмыс істейтін мүмкіншіліктер табамыз.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

– Ауыл шаруашылығы бағытында, машина жасау саласы, сонымен қатар өндіріс. Біздің өңіріміз үшін ШҚ өте дамыған өндіріс облысы. Сондықтан осы отырыстар келісімдердің қалай жүргізіліп жатқандығын көрсетеді деп ойлаймын.

 

Магжан Ахмадина