МТРА жаңалықтары

Игорь Нанаевтың өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде

Еңбек Сембин, СҚО ІІД бастығының орынбасары:

– 23 жастағы жәбірленушінің денсаулығына аса ауыр деңгейде зиян келтіру фактісіне байланысты СҚО ІІД тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-тармағы бойынша тергеу жүргізуде. Оның барысында 56 адамнан жауап алынды.

Ауыр соққыдан қайтыс болған спортшы – Игорь Нанаев өңірімізге Шығыс Қазақстан облысынан бір ай бұрын ғана келіпті. Ол жергілікті “Барыс” баскетбол клубының құрамында жаттыққан. Қазір марқұмның ісіне қатысты тергеу жұмыстары – прокурорлардың қатаң қадағалауында.

Александр Трикачев – Петропавл қаласының прокуроры:

– Сонымен қатар, біздің тарапымыздан да оқиғаның анық-қанығына жету мақсатында жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Біз аталған іске қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды облыс прокурорымен бірге бақылауда ұстаймыз. Барлық тергеу амалдары аяқталғаннан кейін және жүргізілген сараптаманың нәтижесінен соң тиісті шаралар қолданылады.

Әзірге, бұл фактіге қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы азамат ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды.


Тогжан Акмагамбетова