МТРА жаңалықтары

ХХVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық басталды

Арман Базарханов – “Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы ұйымдастыру жөніндегі дирекциясы” МҚ өңірлік менеджері:

 

– Өңірден ұсынылған еріктілерді дирекция мамандары таңдайды. Жол шығынын облыстық әкімдік өтейді. Қалған жатын орны, киім, тамақпен өзіміз қамтимыз. Бәрі тегін болады. Еріктілер жанашыр, ұлтжанды және ашық болуы тиіс.

Қысқы универсиаданың ашылу салтанаты келер жылы қаңтардың 29-ы Алматыда өтеді. Оған дейін әр өңірде эстафеталық алаулар жағылады. Бұл шараның басталуына 4 күн қалғанда алдымен Астанадан Елбасы Н.Назарбаев салтанатты жиында өзі рұқсат береді. Ал екінші күні қантардың 26-сы Универсиаданың өңірлік алауы Петропавл қаласында жағылмақ.

Арман Базарханов – “Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы ұйымдастыру жөніндегі дирекциясы” МҚ өңірлік менеджері:

– Алауды елге, өңірге, ЖОО-на, түрлі салаға еңбегі сіңген адамдар жағуға құқылы.

Жалпы алғанда Универсиада алауын алып жүру құрметіне 60 жерлесіміз ие болады. Олардың арасында жастар, қоғам қайраткерлері мен қарт адамдар бар.

Қайрат Биекенов – “28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы ұйымдастыру жөніндегі дирекциясы” МҚ директорының орынбасары:

– Универсида алауын жағу рәсімі барлық аймақтарда өткізіледі. Сол күні жергілікті әкімдік пен мәдениет саласының қызметкерлері универсиада күніне арнап бұқаралық шаралар ұйымдастыруға тиісті. Бұл – ел үшін маңызды жоба. Сондықтан, 2017 жылы Алматыда өтетін спорттық шарадан әрбір адам хабардар болуы керек.

Алматыдағы қысқы Универсиаданы тікелей эфирде 80 елдің арналарынан миллиардтаған шетелдік тамашалайды деп күтілуде. 55-тен астам елден жиналған 2000 спортшы қысқы спорттың 12 түрі бойынша сайысады. Шара оңтүстік астанамыздың 8 алып нысанында өтпекші.

Берік Қасен