МТРА жаңалықтары

Петропавлда демалыс күндері “25 ағаш отырғыз” акциясы өтті

Жәнібек Әлкин, Петропавл қаласы тұрғын үй инспекциясының бас маманы:

– Мұндай іс-шараның біздің өңіріміз үшін маңызы зор. Өйткені, ағаш отырғызып біз қаламыздың көркін келтіреміз.

Негізі бұл шараны «Азаматтарға арналған Үкімет» корпорациясының мамандары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырған. Қаламыздың көркеюіне өз үлестерін қосуды көздеген белсенді мемлекеттік қызметшілер Жамбыл және Ғ.Мүсірепов көшелері қиылысындағы саябаққа 25 көшет отырғызды. Дені – шетен мен жөке ағаштары.

Сәулеш Дюсенбина – «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствааралық есептеу орталығы» департаментi директоры:

– Аталмыш акцияға Жер кадастрлық департаменті, Халыққа қызмет көрсету және зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтарының мамандары қатысып отыр. Бүгін барлығы да белсенділік танытуда.

Қоршаған ортаны көріктендіруге үш департаменттен 20 маман атсалысты.

 

Айсулу Сергали