Мәдениет

Өңірде ШҚО мәдениет күндері бастау алды

Алайда, бұған бай қарсы болып, қызын князьға беруді шешеді. Осы сәтте іске қос құдағи араласады. Олардың алғашқысы – Ханума шын ғашықтар қосылсын десе, ал Кабато Сона мен Князьді жұптастырудың амалдарын іздейді. Осылайша, оқиға шиелінесе түседі.

Ақыры Ханума өзінің тапқырлығының арқасында князьға лайықты жар тауып, қызды сөз байласқан жігітіне қосады. Өзі де Акоп есімді азаматқа тұрмысқа шығады. Осылайша, үш жұп бір күнде қосылады. Екі жасты қосуға тырысып жүріп өзіне де бақыт жолықтырған Хануманың рөлін тәжірибелі актриса Варвара Пак сомдауда.

Варвара Пак – ШҚО орыс драма театрының актрисасы:

– Мен бұл қойылымда жақсы құдағиды бейнеледім. Тапқырлығымның арқасында сүйгендерді қосамын. Өзім рөлді ойдағыдай ойнап шықтып деп санаймын. Көрермендерге де жақсы әсер қалдырғандаймын.

Бұл – «Проделки Ханумы» атты грузин спектаклін шығысқазақстандық театр труппасы алғаш рет 2008 жылы сахналапты.

Сергей Астраханцев – ШҚО орыс драма театрының көркемдік жетекшісі:

– Біздің және әлемнің басқа да елдерінде ата-аналар ұл-қыздарын өздері қалаған адамға қосу дәстүрі әлі бар. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Жастар бақытты болуы үшін олар сүйгендерімен отау құрулары тиіс. Міне, біз осындай қойылым арқылы әділдікті, махаббатты көрсеткіміз келеді.

Қызықты қойылымды тамашалаған жергілікті көремендер спектакльден мол әсер алғандарын айтуда.

– Қойылым өте тамаша өтті. Өзіме әртістердің шеберліктері ұнады.

– Басқа өңірлерден осылай театрлар келіп тұрса екен. Өзіміз қойылым көруге жиі келеміз.

Қойылым соңында ШҚО орыс драма театрының ұжымына аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың атынан ықылас гүлі тарту етілді.

– 2 жарым сағатқа жалғасқан қызықты қойылым да аяқталды. Шығысқазақстандық әртістердің өнерін қызылжарлықтар ыстық ықыластарымен бағалады. Жалпы, мұнымен қонақ өнерпаздарын өңіріміздегі Мәдениет күндері аяқталған жоқ. Дүйсенбі және сейсенбі күндері шығысқазақстандықтар жерлестерімді “Жұлдызды сәт”??? және гала-концертпен қуантпақ.

 

Култанов Байболат