Биылдан бастап шаруалар астықты жаңа тауар биржасы арқылы сата алады

Ауыл шаруашылығы

13:40 10 Қазан 2016

Бұл тауар биржасын елімізде “Baltic Control Kazakhstan” серіктестігі қолға алып отыр. Жаңа бағытты аталған компанияның жергілікті мамандары былтырғы жылы сынап байқап көріпті. Нәтижесінде 30-дан аса кәсіпорын астықты өңіріміздің элеваторларынан сатып алған.

Марина Зубрилина – CҚО бойынша “Baltic Control Kazakhstan” ЖШС аймақтық директоры:

– Тауар биржасы – “Baltic Control Kazakhstan” серіктесті мен “FB Capital” компаниясы арасындағы әріптестік аясында құрылды. Біз астық саудасымен айналысатын боламыз. Мәселен, шаруаға өнім керек болса бізге келіп өтініш толтырады. Кейін, компания мамандары элеваторлармен байланысып, қажетті мөлшердегі астықты тауып береді. Одан соң сатушы мен сатып алушы ешкімнің араласуынсыз өзара тауардың бағасына келіседі.

Айта кеткен жөн, “Baltic Control Kazakhstan” серіктестігі тауар биржасымен алғаш рет айналыспақ. Компания мамандары саудаланатын астықты мұқият бақылаулан өткізетін болады. Алдымен олар элеваторлармен келіссөздер жүргізеді. Кейін, өткізілетін өнімнің сапасы мен сұрпын арнайы зертханада тексереді. Ал, соңында тиісті құжаттарды рәсімдеп астықтың тасымалын қамтамасыз етеді.

Марина Зубрилина – CҚО бойынша “Baltic Control Kazakhstan” ЖШС аймақтық директоры:

– Аталмыш жүйе арқылы астықты жылдам әрі жеңіл жолмен сатып алуға және оны өткізуге болады. Ол үшін Петропавлдағы Казахстанская правда көшесінде орналасқан 66-үйдегі 210 кеңсеге келіп, құжаттарын рәсімдеуі қажет. Біз, әзірге, ешкімге қызмет көрсеткен жоқпыз. Бірақ, алдағы уақытта адамдар жаңа тауар биржасының бар екенін біліп, мамандардың көмегіне жүгінеді деп ойлаймын.

Бүгінде “Baltic Control Kazakhstan” серіктестігінің филиалдары еліміздің 5 өңірінде құрылған. Кәсіпорын тауар айналымын артыру үшін басқа да аймақтарда өз кеңселерін ашпақ. Болашақта компания, тіпті көршілес елдерге де астық өткізуді жоспарлап отыр.

Култанов Байболат