МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Жастар жемқорлыққа қарсы” атты республикалық сайыстың облыстық кезеңі өтті

Қызылды-көк костюм киген бұл жігіттер аталмыш сайыста жеңімпаз болатындарына сенеді.

Серік Ғалымжанов – СҚКПК студенті:

– Дайындығымыз жақсы. 1-ші орын аламыз деген семідемін.

Ал мына бір топ соттағы жағдайды көрсетті. Қылмыс жасалған, бірақ сотталушыға қатысты ешбір жаза қолданылмаған. Өйткені айыпталушы үкім шығарушы судьяның жақын туысы болып шықты.

Бүгінгі сайысқа барлығы 8 команда қатысуда. Олар ЖОО мен қала колледждерінің студенттері.
Айту керек, бұл республикалық конкурстың облыстық кезеңі. «Жастар жемқорлыққа қарсы» атты шарасы елімізде алғаш рет ұйымдастырылуда. Сайыс Петропавлдан бастау алып отыр.

Төлеген Байғұлов – “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық” РМБ төрағасы, Алматы қаласы:

– Шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Облыстық сайыста үздік үштікке енген топтар 9-шы желтоқсан күні, яғни, Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінде Астана қаласында республикалық сында кездеспек.

 

Айгерим Ержанова