МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Нұр Отан” партиясы СҚОФ саяси кеңес бюросы өтті

Болат Жұмабеков – “Нұр Отан” партиясы Қызылжар аудандық филиалының төрағасы, Қызылжар ауданының әкімі:

– Мүгедектердің әлеуемттік инфроқұрылымдық нысандарға қолжетімділігі кедергісіз аймақты жасаудың басты міндеті. Бүгінде ауданымызда 135 паспортталған ғимарат бар. 2016-шы жылы 56 нысанды бейімдеу жоспарланған. Оның 39-ы қазіргі уақытта жалға берілген, сол себепті тізімнен шығарылды. Ал қалған 17 ғимарат бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Қызылжар ауданында халыққа қызмет көрсету орталығы, “Қазпочта” АҚ-ың ғимараттарына мүгедектердің кіруі қиын екен. “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасы Ерік Сұлтанов мәселені созбай шешіді тапсырды.

Ерік Сұлтанов – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Қазпочта», «Қазақтелеком» сынды ғимараттарға мүгедеткер қиындықсыз кіре алулары қажет. Жалпы бұл мекемелерге халық көп келеді. Осы бағытта жұмыстар жасаңыздар.

Бұдан соң алғашқы сұрақ бойынша баяндаманы оқуға “Нұр Отан” партиясы Айыртау аудандық филиалының төрағасы, Айыртау ауданының әкімі Ағзам Тастеміров кірісті. Бұл ауданда 1452 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оларға “Кедергізіс келешек” деп аталатын партиялық жоба сәтті жұмыс істеп тұр. Жоба аясында мүгедек жандарға екі қолға бір табуға көмек көрсетілуде.

Ағзам Тастеміров – “Нұр Отан” партиясы Айыртау аудандық филиалының төрағасы, Айыртау ауданының әкімі:

– Жыл басынан 34 мүмкіндігі шектеулі жан еңбекпен қамтылды. Оның ішінде 11-і тұрақты , 4-уі маусымдық және де 7-уі қоғамдық жұмыстарға тартылды. “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасына 11 мүмкіндігі шектеулі жан қатысты. Оның 10-ы еңбекпен қамтылды, ал тағы біреуі демалыс зонасын салу үшін сомасы 3 млн теңге болатын несие алды. “Өрлеу” бағдарламасы бойынша 1 адам еңбекпен қамтылды.

Кезек СҚО энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Тасмұрат Қатқадамовқа келіп жетті. Өңірдің бас энергетигі 2015-2019-шы жылдарға арналған “Нұрлы жол” бағдарламасының жүзеге асу жайын құлағдар етті. Былтыр мемлекеттік бағдарлама бойынша бюджеттік несиелеу аясында 2 млрд теңге болатын 4 жоба қолға алынған. Оның 2-уі сумен, қалғаны жылумен жабдықтау болып табылады.

Тасмұрат Қатқадамов – СҚО энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы:

– 4 жобаның бүгінде екеуі аяқталды. Ол Универсальный көшесіндегі су тартқыш пен Алтынсарин көшесіндегі №1-ші жылу магистралі. Ал қалған екі жоба үстіміздегі жылы аяқталады. Биыл Петропавл қаласында “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында сомасы 3 млрд 287 млн теңге болатын 6 жоба іске асуда. Қазіргі уақытта оның 5-уі бойынша мердігерлермен келісімшарт жасалды, ал тағы біреуімен конкурс аяқталу үстінде.

Бүгінде “Нұрлы жол” бағдарламасы бойынша бюджетті игеру 2,1 млрд теңгені құрап отыр. Бұл жалпы соманың 64 пайызы. Айта кету қажет, қазіргі уақытта Петропавлда жылу желілерінің 71,8 пайызының тозығы жеткен. Алдағы уақытта бірқатар жобалар қолға алынып, 2020-шы жылға дейін бұл көрсеткіш 62 пайызға дейін төмендемек.

Ерік Сұлтанов – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Өткен жылы мамандар магистральді жылу желілерінің 88 пайызының тозығы жеткендігін бағалады. Ал биыл оны 72 пайызға дейін азайттық. Бұл ауқымды жұмыс. Ал 60 пайызға жеткізсек бұл жақсы нәтиже. Қазір тың технологиялар қолданылып жатыр, құбырлардың барлығы өзімізде өндіріледі. Тауарларды жергілікті жерден сатып алатын боламыз. Оны әрдайым бақылауда ұстап отырмыз.

Ал “Нұр Отан” партиясы М.Жұмабаев аудандық филиалының төрағасы, М.Жұмабаев ауданының әкімі Асқар Бегманов партиялық жобалардың іске асу жайын қозғады. Бұл ауданды көнекөз қарияларға көңіл ерекше. “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің тұрмыс-тіршілігі бақылауға алынып, қарияларға қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілген. Сонымен қатар, үйлері жөнделіп, аулалары абаттандырылған.

Асқар Бегманов – “Нұр Отан” партиясы М.Жұмабаев аудандық филиалының төрағасы, М.Жұмабаев ауданының әкімі:

– Ауданды Ұлы Отан соғысының 4 ардагері, 547 тыл еңбеккері және 316 жалғыз басты қария тұрады. Әрбір ардагерге жеке әлеуметтік кесте жасалған. Ауданда бастауыш партия ұйымының құрамында 24 еріктілер тобы қарияларға қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар отырыста партиялық бақылау комиссиясы мен қоғамдық кеңес мүшелерінің ауысуы қарастырылды. Жиында саяси кеңес мүшелері барлық сұрақтар бойынша қаулы қабылдап, барлығын бір ауыздан қолдады. Ал отырыс соңында Ерік Сұлтанов Александр Казанцевқа “Белсенді қызметі” үшін партиялық марапатты табыс етті.

 

Риат Шони