МТРА жаңалықтары

М.Жұмабаев ауданында Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-гендерлік саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Анархан Дүйсенова, Облыс әкімінің орынбасары:

– Елбасымыз қоғамдағы рөлінің айқын екенін атап өтті. Нәзікжандылар әрқашан, әр салада өздерін тек жақсы жағынан көрсетіп, биіктерді бағындыруда.

Облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Айдын Байматовтың атуынша биыл өңірде тұрмыстық жанжалдың нәтижесінде орын алатын отбасылық қылмыстардың саны 50 пайызға азайған.

Айдын Байматов, СҚО ІІД Жергілікті полиция қызбеті бастығының орынбасары:

– Биылғы жылдың 9 айында Облыс бойынша 1317 қорғау ұйғарымы енгізілді. Былтыр бұл көрсткіш 1301 болатын. Көбіне мұндай құқықбұзушылықтарға жол беретіндер ішімдікке үйір жандар, нашақорлар. Олармен жеке-жеке жұмыс жүргізіледі.

Кейін, Аққайың, Тимирязев аудандары мен Петропавлдағы гендерлік теңдіктің іске асырылу жайы айтылды. Аққайың ауданы халқының жартысынан көбі нәзікжандылар екен. Аққайыңдық әйелдер қоғамның қай саласында болсын қажырлы еңбек етуде. Биыл Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы арқылы 6 бірдей әйел несие алып, өз ісін ашқан.

Қанат Әленов, Аққайың ауданы әкімінің орынбасары:

– Ал, жергілікті атқарушы органдарында еңбек ететін 129 адамның 84-і әйелдер. Мемлекеттік қызметшілердің 61 пайызын қыз-келіншектер құрайды.

Ал, тимирязевтік кәсіпкерлердің 41 пайызын әйелдер құрайтын көрінеді. Биыл мемлекеттің қолдауымен несие алған 7 азаматша өз кәсіптерін ашып, бірқатар ауыл азаматтарын жұмыспен қамтып отыр.

Ал, Петропавл қаласының өзіне келсек, қаладағы 22 мың бизнес субъектісінің 9 мыңнан артығына әйелдер жетекшілік етеді екен. Осылайша жергілікті әйелдер өңір дамуына өздерінің сүбелі үлестерін қосып отыр. Халық санын арттыру мәселесі де – түрлі салаға ат салысып жүрген әйелдердің мойнында. Бұл ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мәриям Бапанова өңірдегі ана мен бала денсаулығына тоқталды.

Мәриям Бапанова, СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Біздің өңірде акушер мамандар мен гинекологтар жеткілікті. Биыл облыста бала өлімі былтырғымен салыстырғанда 4 пайызға аз. 830 солтүстікқазақстандық әйелге денсаулықтарына байланысты өмірге сәби әкелулеріне дәрігерлер тыйым салып отыр. Оған қарамамастан бала көтерген 40 әйелдің, 37-сі аман сау туды. Айтайын, өңірде 2014 жылдан бері ана өлімі тіркелмеген.

Анархан Дүйсенова жан-жал жиі шығатын отбасыларды бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Бұдан соң, облыс әкімі атынан М.Жұмабев ауданының белсенді нәзікжандыларын марапаттады.

Күлжауар Әмірова, Молодогвардейский ауылдық округының ардагерлер кеңесінің төрайымы:

– Ұзақ жыл даярка болдым. 5 баламды бағуға да үлгердім. Бүгін де ауылдық округтегі ардагерлер кеңесі төрайыммын. Жергілікті әйелдер қоғам өмріне еркектерден кем араласпайды.

Кейін, жергілікті бірқатар іскер келіншектер Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы төрайымының алғыс хатын алды. Кейін, ауданның құрметті азаматы Оралбай Сағындықов комиссия мүшелеріне жүрек жарды лебізін білдіріп, әйел азаматтардың ісіне сәттілік тіледі.

Акбопе Танирберген