МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы – “Нұр Отан” партиясы мен депутаттардың бақылауында

Галина Семенова, «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы өңірлік бақылау комиссиясының мүшесі:

– Осы жылдың соңына дейін «Астана-Петропавл» бағытындағы жалпы ұзындығы 132 шақырым жолдың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұдан бөлек «Жезқазған-Петропавл» автожолының 946 және 954-ші шақырымындағы учаскедегі жұмыстар биыл аяқталады деп күтілуде.

Комиссия мүшелері жаз бойы аталған учаскелердегі жұмыстар мен оған жұмсалған қаражаттың дұрыс игерілуін қадағалапты. Жиында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының орындалуы жайлы сөз қозғалды. Аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы тиісті ведомство басшысының орынбасары Сергей Яковенко айтып берді.

Сергей Яковенко, СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

– Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыруға 6,4 млрд теңге бөлінді. Жыл басынан бері 4 200 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Және 115 мүгедек бағдарлама қатысушысы атанды.

Биыл бағдарламаның бірінші бағыты бойынша өңірде 67 әлеуметтік маңызы бар нысан жөнделіпті. Оның ішінде мектеп, аурухана және жолдар бар. Аталмыш жоба аясында 500-ден астам адам маусымдық жұмысқа тартылған. Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде аудандарда 6 бірдей жастар жатақханасының құрылысы басталып кетті.

Берік Қасен