Спорт

“Құлагер” ХК елордалық “Номад” құрамасына есе жіберіп алды

– Алғашқы периодта елордалықтар қанша шабуылдағанымен есепті аша алмады. Кұлегерлік қақпашының өнеріне риза болдым. Бірнеше шайбаны өзінің қақпасына жібермеді.

– Бүгін хоккейге бірінші рет келдім. Маған ойын өте ұнайды. Кездесуде құлагер жеңіске жетеді.

Ал, екінші период бастала сала астаналық Артем Севостьянов шайба соғып командасын алға шығарды. Бұдан соң теріскейліктер ес жиды. Ақыры матчтың 32-ші минутында құлагерлік Максима Волков көзге түсіп, таразы басын теңестірді.

Осылайша екінші жиырма минуттықтық 1-де 1 есебімен аяқталды. Соңғы кезеңді елордалықтар әдеттегідей белсенді бастады. Матчтың 43-ші минутында Талғат Жайлауов шеберлігімен танылып, шайба авторы атанды. Дегенмен кездесу аяқталар тұста жанкүйерлердің қолдауын сезінген жерлестеріз намысқа тырысты. Әсіресе, алдынғы шептегі ойыншылар қайта-қайта шабуылдап, астаналық қақпашыны әбігерге салды. Осындай бір сәтте Анатолий Васильев есепті теңестіріп кетті.

Осылайша тең нәтижемен ойынның негізгі бөлігі тәмандалды. Енді матч тағдыры 5 минуттан тұратын овертаймда шешілмек. Бұл сында астаналықтардың асығы алшысынан түсіп, кездесудың аяқталуын 36 секунд қалғанда Артем Севостьянов жеңіс шайбасын соқты. Сонымен есеп 2-де 3. “Номад” ХК жергілікті жігіттерден басым түсті.

Ильгиз Нуриев – “Құлагер” ХК капитаны:

– “Номад” ХК жас ойыншылардан жасақталған. Олар бүгін айдында өте жылдам өнер көрсетті. Кей тұстарда жасыратыны жоқ олардың шабуылдарына тойтарыс бере алмай жаттық. Сол себепті ұтылдық. Енді екінші кездесуде есе қайтаруға тырысамыз.

Енді, “Құлагер” және “Номад” ХК арасындағы қарымта матч бүгін кешкі сағат 19:00-де “Спорт сарайында” өтеді.

 

Култанов Байболат