Қоғам

Қарттар күніне орай мерекелік кеш өтті

Бұл шағын концертті №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің мұғалімдері мен оқушылары ұйымдастырған. Олар осылайша, жастық шағында Отан үшін аянбай еңбек еткен қарияларға алғыстарын жеткізуде. Концертке 100-ге тарта зейнеткер келіпті.

Біразы кәсіпорындардағы бастауыш ұйымдарына тіркелмеген. 77 жастағы Жібек Мусина кезінде ет комбинатында еңбек етіп, 24 жыл бұрын зейнетке шығыпты. Содан бері үйде отырамын. Осындай жиын-тойларға сирек шығамын дейді.

Жібек Мусина, зейнеткер:

– Үйден шығып, бір жерге аса бара қоймаймын. Бүгін бірінші рет келіп отырмын. Сыйлап шақырғандарына рақмет.

Ата-әжелерді қарттар мерекесімен мектеп ұжымынан бөлек “Нұр Отан” партиясының өкілдері де құттықтады.
Бүгінгі таңда өңірімізде 98 мыңнан астам зейнеткер бар. Оның 45 мыңға жуығы Петропавлда тұрады.

 

Тогжан Акмагамбетова