МТРА жаңалықтары

Петропавлда СҚО ардагерлер кеңесі жанындағы бос уақыт өткізуге арналған клуб өз жұмысын қайта жандандырды

Сұлтан Мұхаметжанов – Ұлы Отан соғысының ардагері:

– Қазанның 1 күні мені Қарттар күнімен облыс әкімі келіп құттықтады. Сол кезде бос уақытты қалай өткізетінімді сұраған. Мен оған ардагерлер суықтарда жиналып әңгіме-дүкен құрып, шахмат ойнайтын жер жоқтығын айтқан болатынмын. Аймақ басшысы бұны ескеріп, міне бізге клубты жандандырып берді.

Бұрын облыстық ардагерлер кеңесі жанында қарттарға арналған бұндай клуб болған екен. Алайда, белгілі бір себептерге байланысты жабылып қалыпты. Енді, міне өз жұмысын қайта жандандыруда. Бүгін ардагерлермен кездесуге облыс әкімі Ерік Сұлтанов келіп, ұсыныстарының орындалғанын жеткізді. Сонымен қатар, клубқа үстел ойындарының құралдарын сыйға тартып, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып берді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Облыста қыс мезгіліне барлық үйлер дайын. Осы аптада Астанада Ресей мен Қазақстан Президенттерінің қатысуымен форум өтті. Ол көлік логистикасына қатысты болды. Бізде Астана-Петропавл бағытындағы жолды жөндедік. Жуырда әуежай қайта жұмысына кіріседі.

Енді бұл қарттардың клубқа келу кестесі құрылады. Жалпы бүгінде облыстық ардагерлер кеңесінде зейнеткерлерге арналған үш клуб бар.

 

Риат Шони