МТРА жаңалықтары

Петропавлда «Қазақтелеком»-ның жергілікті мамандарына арналып семинарлар өтуде

Қуанышбек Есекеев – «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы:

– Қазіргі уақытта біздің компания трансформациялық маңызды үдерісті бастан кешіруде. Сондықтан, барлығымыз жұмылып, жаңа иделарды ұсынып, жемісті жұмыс жасауымыз керек. Оның ішінде компания қызметінің сатудағы жаңа жолдарын жетілдіру қажет.

Жиында жергілікті мамандар «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасына өз сауалдарын тікелей жолдап, тұшымды жауап алды. Елена Косенкова аталған кәсіпорынның облыстық филиалында сатуды басқару қызметінің маманы болып жұмыс жасайды. Телекомуникация саласына ол 6 жыл бұрын келген.

Сондықтан, нәзікжанды саланың жақсы қарқынмен дамып, бәсекелестердің де саны артып жатқанын біледі. Сол себепті, оларға төтеп беру үшін «Қазақтелеком» қызметкерлері білімдерін үнемі жетілдіріп, абоненттерге тиімді жаңа жобалар ұсынып отыру керек дейді.

Елена Косенкова – «Қазақтелеком» АҚ СҚОФ сатуларды басқару қызметінің маманы:

– Қазіргі уақытта біздің компания қызметкерлері жаңа жобаларды абоненттерге ұсынып жатыр. Бұл жұмыстар клиенттердің ойынан шығады деген ойдамын.

Айту керек, «Қазақтелеком» АҚ жыл сайын үздік филиалдар топтамасын жасап отырады. 2013 және 2015-ші жылдары солтүстікқазақстандықтар бұл көрсеткіш бойынша алдыңғы қатарда болған. Енді мұндай нәтижені жергілікті мамандар алдағы уақытта да сақтап қалуды көздеп отыр.

Әлім Шүкенов – «Қазақтелеком» АҚ СҚОФ бас директоры:

– Біздің қызметкерлер өте жақсы жұмыс істеп келеді. Оған 40-қа жуық көрсеткіш бойынша жасалатын рейтинг дәлел. Оның ішінде, кіріс пен клиенттерді тарту және сапалы қызмет көрсету де бар. Бұл көрсеткіштер бойынша республика көлемінде екі рет үздік атандық. Бірақ, бұнымен тоқтап қалмаймыз. Келешекте де алдыңғы қатардан көрінуді көздеп отырмыз. Сондықтан, осындай семинарларға қатысу маңызды.

«Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев мұндай семнарды бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы мен Астана, Қарағанды, Павлодар қалаларында өткізіпті. Жалпы дәл осындай жиындарды еліміздің барлық өңірінде ұйымдастыру жоспарланған.

 

Айгерим Ержанова