МТРА жаңалықтары

СҚО Қазақстан-Швед бизнес-форумы өтті

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:

 

– Солтүстік Қазақстанда машина жасау дамып келеді. Ендігі Еуропалық өндірушілермен бірлесіп бірнеше техника құрастырып жатырмыз. Мен СҚО-да шведтік кәсіпкерлермен бірге техника өндірудің келешегі зор деп санаймын. Бұл үшін барлық жағдай жасалатын болады. Біздің кездесуімізден кейін СҚО мен Швеция арасындағы әріптестіктің нығая түсеріне сенімім мол.

Форумның басты мақсаты – өңірге инвесторлар тарту. Бүгінде ол үшін елімізде бар мүмкіндік жасалған.

Арман Евниев – ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы:

– «Бизнес жүргізудің индекаторы» көрсеткіші бар. Бұл жүйе бойынша біз жалпы есепте 41-ші орындамыз. Оның ішінде салық көрсеткіші бойынша 18-ші, меншікті тіркеу бойынша 19-шы болып тұрмыз. Ал инвесторларды қорғау бойынша 25-ші орынға тұрақтадық.

Қос тарап әріптестік қатынас орнатуды ең алдымен, ауыл шаруашылығы саласынан бастауды жөн көрген. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында жүн мен теріні қайта өңдейтін ірі кәсіпорындар жоқ. Сондықтан бұл форум аталған проблеманы шешуге зор мүмкіндік беріп отыр.

Қайрат Омаров – СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Жыл сайын біздің облысымызда картоп пен көкеністердің егіс алаңы ұлғаюда. Бір науқанда біз 500 мың тонна картоп, 200 мың тонна көкеніс жинаймыз. Бірақ олардың қайта өңдеуін ұйымдастыру үшін бізге қаражат керек. Сонымен қатар, инвестиция ет пен сүт және майлы дақылдарды да қайта өңдеу салаларына тартылса дейміз.

Бұл ретте Швеция Корольдігінің ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтарды дамыту министрі Свен-Эрик Букт шынымен де, Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуетінің жоғары екендігін атап өтті. Сонымен қатар, шетелдік мейман облысымыздың географиялық жағдайының әлемдік нарыққа шығуы үшін өте ыңғайлы екендігін тілге тиек етті.

Свен-Эрик Букт – Швеция Корольдігінің ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтарды дамыту министрі:

– Біз сіздермен әріптестік және даму тұрғысынан үлкен мүмкіндіктерді байқап отырмыз. Қазақстан біздің еліміздің тауар айналымын арттыруға септесетін 26 мемлекеттің қатарына еніп отыр. Өйткені, СҚО-нда ауыл шаруашылығы және азық-түлік өндірісін үлкен әлеуетке ие. Сол себепті швед компаниялары инвестиция құюға дайын.

Айту керек, қос тараптың пікірінше, бұл – іскерлік байланыс екі жаққа да экономикалық тұрғыда пайдалы болмақ.

Айгерим Ержанова, тілші:

– Бұдан бөлек, облыстық әкімдікте шетелдіктермен бірге инфрақұрылымды дамытуға байланысты панельдік отырыс өтті. Ол жерде ТМД елдерінен жиылған сарапшылар құрылыс саласын дамытуға және энергия үнемдеуге қатысты инновациялық жобалар туралы әңгімелесті.

 

Айгерим Ержанова