МТРА жаңалықтары

СҚО әкімі мен Швеция министрі БАҚ өкілдеріне сұхбат берді

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Биыл өңірімізге тартылатын шетелдік инвестицияның толық көлемі 450 млн теңгеден асып түседі деп жоспарлап отырмыз. Ресей компаниялары ауыл шаруашылығы техникаларын жасау бағытында жұмыстарын бастады. Үстіміздегі жылдың шілдесінде өңір зауытында құрастырылған К-704 “Батыр” маркалы тракторын жалпыұлттық телекөпір арқылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына көрсеттік.

Облыс әкімі әзірге Ресей мен Қытайдың инвесторлары бірлескен жобаларға қаражат құюда белсенділік танытуда дейді.
Келесі жылдың күзінде қант зауыты да қолданысқа тапсырылып, 230 адам жұмысқа қабылданбақшы. Бұл да аспан асты елінің азаматарымен бірлесіп қолға алған жобаларының бірі. Биыл Шал ақын ауданында жерге сіңірілген қант қызылшасының да шығымдылығы жақсы болыпты. Диқандар гектарынан елу тонна өнім жинапты. Жиында белгілі болғандай, шекердің 90 пайызы сырттан импорталады екен. Сондықтан қазір қант зауытын тұрғызатын қалталы азаматтар да іздестірілуде.

Свен-Эрик Букт – Швеция Корольдігінің ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтарды дамыту министрі:

– Қазақстан мүмкіндіктер елі. Әсіресе АӨК-нің әлеуеті жоғары. Біз осы салада қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ниеттімізі. Швецияда ауыл шаруашлығы өнімдерін терең өңдеу жақсы дамыған. Біз осы бағытта жаңа технологияларымен бөлісе аламыз. Сонда сіздер Қазақстанды ғана емес Ресей мен Қытай халқын сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге қол жеткізесіздер. Біз пайдалы қазбаларды игеру, орман шаруашылығын дамыту сынды салаларда тәжірибемен бөлісуге дайынбыз.

Брифингте журналистер Петропавл халықаралық әуежайы туралы сөз қозғады. Бүгінде әуежайға екі жарым млрд теңге инвестиция құятын инвестор табылды деді өңір жетекшісі. Қараша айында Мәскеу мен Астана Алматы бағытына әуе рейсі ашылады деп күтілуде. Ал келесі жылы Германия мен Түркияға қатынау мүмкіндігі қарасытырлуы мүмкін.

Берік Қасен