Өнеркәсіп

Құс тезегінен электр энгергиясы өндіріледі

Мағжан Ахмадина- тілші:

– Бүгіндері нысан 70 пайызға дайын. Жөндеу жұмыстары толығымен жыл соңында аяқталмақ. Сонда кәсіпорын іске қосылып, мұнда 8 адам жұмыс істейтін болады.

Ал өндіріс толығымен автоматтандырылған болады. Оған қажетті жабдықтар арнайы ресейден жеткізілген. Өндірістің қуаттылығы тәулігіне 120 тонна құс шаруашылығы қалдықтарын өңдеуге қауқарлы болмақ.

Дамир Тілеубаев- «Биотес» ЖШС өкілі:

– Осыған дейін елімізде мұндай жоба болған емес. Құрылыс жұмыстарына 1 млрд теңгеден астам инвестициялық қаржы жұмсалды. Нысанды салып жатқанда оның қуаттылығын ұлғайту жөнінде шешім қабылданды. Өйткені экологияға зиян келтіретін құс шаруашылығы қалдықтарын өңдеуді алғашқылардың бірі болып қолға алып отырмыз. Бұл тиімді жоба арқылы біз электр энергиясын өндіретін боламыз.

Құс шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу бойынша биогаз қондырғысын салу жобасы, жаңартылған энергия көздерін пайдаланудың озық технологиясына айналатын болады. Жасыл экономиканы дамытуға үлес қосатын компания өкілдері келешекте құс тезегінен биогумус өндіруді де қолға алмақ.

 

Магжан Ахмадина