Денсаулық сақтау

Петропавл қаласында “Ана мен бала” гүл бағы пайда болады

Валентина Грудинина – зейнеткер:

– Мен өзім жүгірумен айналысамын. Зейнеткерлерден құралған арнайы “Сергектік” деп аталатын клуб бар. Онда шамамен 10 қария бар. Өзім бір сағат жүгіріп аламын. Кейін мына спорттық жабдықтармен денемді шынықтырамын. Күнделікті келуге тырысамын. Сондай-ақ, халықаралық марафондардан қалмаймын.

Қазақстан Конституциясы көшесі бойында орнатылған мына тренажерлар қалалықтардың сүйікті орындарына айналған. Қолдары қалт ете қалса спортқа көңіл бөледі екен. Әсіресе, егде жастағылар.

– Күнделікті бұл жерге 10-нан астам зейнеткер мен қала тұрғындары келіп, өз денелерін шынықтырады. Олар үшін мынандай 15 тренажер орнатылған. Спорттық жабдықтар былтыр қойылды. Алаң екі учаскеге бөлінген. Бұндай тренажерлар қала бойынша бірнеше жерде бар.

Ал жуырда ескі саябақтың маңында “Ана мен бала” гүл бағы пайда болмақ. Дәл қазір бұл жерде мердігер компаниялар кеспе тастарды төсеп, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бақ қалалықтар үшін күнделікті жұмыс жасайды.

Досұлан Босынов – Петропавл қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

– Кеспе тастар 1 225 шаршы метр аумаққа төселеді. Сонымен қатар 60 шаршы метрге гүлзарлар орнатылады. Оған қоса балалар алаңы жасалып, 8 архитетктуралық шағын мүсіндер қоямыз. Жобалық сметалық құжаттамалар бойынша барлығына 26 млн теңге қаражат жұмсалды.

“Ана мен бала” гүл бағы қазан айының соңында қалалықтардың игілігіне тапсырылады деп жоспарлануда.

 

Риат Шони