МТРА жаңалықтары

Елімізде “Пробация туралы” заңға енгізілетін өзгерістер жайы Солтүстік Қазақстанда талқыланды

Теміржан Елжасов, СҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметін басқару бойынша бөлімшесінің бастығы:

– Пробация қызметі арқылы сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, өзін түзету мекемелерінде жақсы көрсеткендері мен қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқандарда уақытынан бұрын бастандыққа шығу мүмкіндігі болады. Бостандыққа шыққандардың қоғамға сіңісіп кетуін бақылаймыз. Біздің өңірде бүгінге дейін әлеуметтік-құқықтық көмек 962 адамға көрсентілді.

Жалпы шет мемлекеттерде пробацияның 4 бірдей сатысы бар. Ал, біздің елімізде оның екеуі ғана қолданылып келеді.

Руслан Жусупов, СҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметін басқару бойынша бөлімшесінің бас маманы:

– Қазіргі уақытта Қазақстанда пробацияның шарттық-үкімдік және постпенитенциарлық сатысы жұмыс істейді. Тағы пенитенциарлық және сотқа дейінгі сатыларын қолданысқа енгізу жоспарда. Сондықтан «Пробация туралы» заң жобасын жасау барысында аталмыш сатылардың басты элементтерін жасақтап шығу қажет. Ал, бұл жаңашылдықтардың тиімділіктері көп.

Бүгінгі жиынға қатысушылардың тарапынан да қойылған сұрақтар көп болды. Әркімнің өз ұсыныстары да бар.

Павел Афанасьев, Петропавл қаласы мәслихатының депутаты:

– Бұл заңның аясында жергілікті әкімдіктердің құзыреті мен қаржылық мүмкіндіктерін де қараустыру керек. Жұмыс берушілер қызығушылық танытып оларды еңбекке тартуы тиіс. Қандай да бір жағдай жасалса сотталушы дұрыс жолға түседі. Сондықтан барлық саланың өкілдері мен билік бірлесіп жұмыс жасауы керек.

Дөңгелек үстелге қатысушылар – сотталғандар мен ендігі жазасын өтеп шыққан азаматтар бірінші кезекте жұмыспен қамтылса дейді. Жиылғандардың бұл пікірін өңір жетекшісінің орынбасары Анархан Дүйсенова құптап отыр.

Анархан Дүйсенова, СҚО әкімінің орынбасары:

– Біз жұмысмен қамту бойынша құжаттар – Әлеуметтік қамту органдарына жөнелтіледі. Сотталғандар емделу үшін – Денсаулық сақтау мекемелеріне жүгінеді. Білім алу мекемелеріне баруы мүмкін. Бұл аталған мекемелердің барлығы жұдырықтай жұмылып жазасаын өтеп шыққан адамға қолдау таныта алады. Қоғамның көмегінсміз адамға өз бетімен өмір сүру қиын. Сондықтан да біз де оларға қолдау танытып, әр тараптан өз ұсыныстарымызды білдірейік.

Жиын барысында айтылған барлық ұсыныстар заң жинақтаушыларға жолданатын болады. СҚО-дағы түзету мекемелерінде бүгінгі күні 2000-ға жуық адам жазасын өтеп жатыр. Ал оның 940-ы пробация қызметінде тіркеуде тұр. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтардың саны екі есе көбейіпті.

 

Акбопе Танирберген