Спорт

Теріскейлік «Қызылжар-СҚ» ФК «Екібастұз» командасын тізе бүктірді

Бұдан соң да «Қызылжар-СҚ» ФК ойыншыларының қарқыны бәсеңдемеді. Алдыңғы шептегі шабуылшылар қауіпті сәттер ұйымдастырып, қонақ қақпашының жиі мазасын алды. Осындай бір тұста теріскейлік Тимур Мулдиновты екібастұздық қорғаушы айып алаңының ішінде құлатты. Мұны байқаған төреші ойланбастан 11 метрлік нүктені көрсетті. Пенальтиден Сергей Струков мүлт кетпей таблодағы есепті 2-де 0-ге жеткізді.

Осылайша, алғашқы тайм жерлестеріміздің пайдасына шешілді.

– Ойын өте қызықты өтуде. Жерлестеріміздің басымдығы сезіледі. Енді біздің жігіттер осы қарқындарынан таймай премер-лигага шығамыз деп ойлаймын.

Екінші таймды қонақтар белсенді бастады. Ақыры, кездесудің 50-ші минутында жерлестеріміздің қорғаныста жіберген қателігінен кейін екібастұздық Джаба Джамаришлвили есеп айырмасын қысқартты. Бірақ, қарсыластардың қуанышы көпке созылмады. Небәрі бір минуттан соң қызылжарлық Сергей Струков гол соқты. Бұдан кейін ойынға жаңадан қосылған теріскейлік сұрмерген Бошко Ступич көзге түсіп, таблодағы есепті 4-те 1-ге жеткізді.

Төреші қосқан қосымша уақытта қонақтар сапындағы Самат Жарынбетов гол соғып, есепті қысқартты. Сонымен, есеп 4-те 2, жерлестеріміз жеңіске жетті.

Евгений Аверченко – «Қызылжар-СҚ» ФК жартылай қорғаушысы:

– Кездесу өте тартысты өтті. “Екібастұз” командасы оңай шағылар жаңғақ емес. Олар әр кездесуде қарсыластарына гол соғады. Біз енді қалған үш ойында жеңіске жету үшін барымызды саламыз. Қоржынға маңызды ұпайларды салып, келесі жылы премер-лигада өнер көрсету үшін тырысамыз.

Қазір «Қызылжар-СҚ» ФК қоржынында – 46 ұпай. Теріскейліктер турнирлік кестеде бұрынғысынша екінші орында тұр. Енді солтүстікқазақстандық ұжым келесі кездесуін сырт алаңда қазанның 8-і күні ОҚО-ның “Мақтаарал” құрамасымен өткізеді.

 

Култанов Байболат