Қоғам

Қала әкімі Марат Тасмағанбетов ҰОС ардагерлеріне сыйлықтар табыс етті

Василий Макиенко – Ұлы Отан соғысының ардагері:

– Мен қызмет еткен бөлімшеге Беларуссияға 250 бас қара малды айдам алып бару бұйрығы келді. Біз 2,5 ай жаяу жүріп бардық. Ол сәт әлі есімде. Елге оралғаннан кейін құрылыс саласында еңбек еттім. Қазір Петропавл қаласындағы троллейбустар жүретін сымдарды да біз орнаттық. Тың игеру кезінде де біраз тер төктік. Зейнетке 1991 жылы бірақ кеттім.

Бүгін тоқсанды алқымдаған ардагерді қала әкімі Марат Тасмағанбетов қарттар мен мүгедегтерді қолдау айлығында құттықтап, сыйлық табыс етті. Шаһар басшысы қарияның қал-жағдайын сұрастырып, бейбіт өмір сыйлауға ат салысқаны үшін алғысын білдірді.

Қала әкімі Марат Тасмағанбетов тағы бір Ұлы Отан соғысының ардагері Қабин Мұрзағұловтың үйіне де бас сұқты. Бүгінде қария 7 баладан, 9 немере және 4 шөбере сүйіп отыр. Ал Мәриям әжеймен отауласқандарына 65 жыл толған.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Сізді мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Денсаулығыңыз мықты болсын. Ел үшін аянбай күрескеніңіз үшін алғыс айтамын.

Қабин Мұрзағұлов әскер қатарына 1942 жылы шақыртылған. 555-ші атқыштар, 14-ші артиллериялық полктар құрамында болған. Ұлы Жеңіс жолында ақсақал Берлинге дейін жеткен. Төсінде медальдары жарқырап, тоқсанның төріне шыққан Қабин ата сұрапыл соғыста екі мәрте жараланған.

Қабин Мұрзағұлов – Ұлы Отан соғысының ардагері:

– Немістер шабуыл жасап жатыр. Сол мезетте зеңгібірек ұшып келді, оның бір жарықшағы қасымда тұрған өзбектің басын шауып түсірді, тағы біреуі басыма кірді. Тағы бір жараны дүрбімен қарап тұрғанда фашистің оғы қолыма тиіп, саусағымды шауып түсірді.

Соғыстан 1947-ші жылы оралған қарт майдангер “Нива” деген совхозда қара жұмысқа араласқан. Кейін 1983-ші жылы зейнетке шығып қазір, немере, шөберелерін бағып отыр.

 

Риат Шони